Menu HELPDESK

Студенттік ұйымдармен жаңа оқу жылына арналған кездесу

Кездесу жылы әрі конструктивті жағдайда өтіп, өткен оқу жылындағы студенттік ұйымдардың қызметінің қорытындылары шығарылып, 2025–2026 оқу жылына арналған басым бағыттар айқындалды. Әсіресе жастардың бастамаларын дамытуға, мәдени және шығармашылық іс-шаралардың аясын кеңейтуге, студенттік өзін-өзі басқаруды нығайтуға, сондай-ақ студенттердің азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға айрықша назар аудару қажеттілігі талқыланды.

Проректор студенттік бірлестіктердің Консерватория өміріндегі үлесінің маңыздылығын атап өтіп, жастардың жоғары оқу орнының білім беру және мәдени кеңістігін дамытудағы қозғаушы күш екендігін ерекше атап көрсетті.

Сонымен қатар, бірлескен жұмысты және жаңа жобаларды жүзеге асыру, студент жастарды қолдау және Консерваторияның корпоративтік рухын нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Кездесу соңында қатысушылар жаңа оқу жылындағы студенттік ұйымдардың жұмыс жоспарын қалыптастыруға негіз болатын идеялар мен қажетті ұсыныстарымен бөлісті.

Альбомдарға оралу