Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Жасыл ел» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық кампаниясы аясында студенттер Сайран көлінің маңында өткен сенбілікке шықты
«Жасыл ел» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық кампаниясы аясында студенттер Сайран көлінің маңында өткен сенбілікке шықты
Іс-шараға қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосу мақсатында студенттер мен еріктілер белсенді түрде қатысты. Акцияға қатысушылар қоқыс жинап, жағалауды ретке келтіріп, демалушыларға табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы айтып жеткізді.
21 маусым 2025
19 маусым күні «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы Айжан Бекенованың жеке концерті өтті
19 маусым күні «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы Айжан Бекенованың жеке концерті өтті
Концерт қазақ музыкаcы тарихының рухы cіңген жер - Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мұрасын зерттеу музейінде өтті. Бағдарламада Батыс Еуропа және қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды
19 маусым 2025
«Жігер» республикалық домбырашылар байқауында Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Домбыра» кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды!
 «Жігер» республикалық домбырашылар байқауында Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Домбыра» кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды!
2025 жылдың 17-18 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында өткен Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына арналған «Жігер» республикалық домбырашылар байқауында Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Домбыра» кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды!
18 маусым 2025
«Жасыл ел» бағдарламасының өкілдері студенттермен кездесті
«Жасыл ел» бағдарламасының өкілдері студенттермен кездесті
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру аясында штаб өкілдері еңбек маусымына қатысып жатқан студенттермен кездесті. Мақсаты — студенттердің тұрмыс жағдайымен, сондай-ақ олардың орындаған жұмыстарының көлемі және сапасымен танысу.
18 маусым 2025
Профессор Альмира Наурзбаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері визуалды зерттеулер аясында: иконография, семиотика және дискурс» атты ғылыми жобасын жүзеге асыруға атсалысуда

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Альмира Наурзбаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері визуалды зерттеулер аясында: иконография, семиотика және дискурс» атты ғылыми жобасын жүзеге асыруға атсалысуда.
18 маусым 2025
Мәдениеттер диалогы: үш консерваторияның халықаралық білім беру жобасының тұсау кесері
Мәдениеттер диалогы: үш консерваторияның халықаралық білім беру жобасының тұсау кесері

2025 жылғы 24 маусым күні онлайн форматта Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның жетекші үш консерваториясы арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында әзірленген ғылыми-әдістемелік құралдың тұсаукесері өтеді. Аталмыш жоба Алматы, Ташкент және Саратов қалаларынан келген мамандардың қазіргі заманғы фортепианолық шығармалар мен ұлттық орындаушылық дәстүрлерді бірлесіп зерттеп, зерделеу үшін басын біріктірді.

18 маусым 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері алғаш рет мемлекет басшылары қатысқан халықаралық саммитте өнер көрсетті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері алғаш рет мемлекет басшылары қатысқан халықаралық саммитте өнер көрсетті
Консерватория үшін бұл – айрықша оқиға. Мұндай ауқымды іс-шараға қатысудың өзі жас музыканттар мен олардың ұстаздарының кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Студенттердің өнері көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, саммит бағдарламасындағы есте қаларлық жарқын мәдени сәттердің біріне айналды.
18 маусым 2025
«Музыкатану және композиция» кафедрасының магистранты Дина Жексембаеваны халықаралық деңгейдегі жеңісімен құттықтаймыз!
«Музыкатану және композиция» кафедрасының магистранты Дина Жексембаеваны халықаралық деңгейдегі жеңісімен құттықтаймыз!
Беделді академиялық алаңда өзін таныту –  терең ғылыми ізденіс пен музыкалық мұраға деген шынайы қызығушылықтың нәтижесі.
Біз студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және кәсіби жетекшілік еткен оқытушыларымызға ерекше қолдауы үшін алғысымыз шексіз!
16 маусым 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері экологиялық бастамаларға белсене қатысуды жалғастыруда
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері экологиялық бастамаларға белсене қатысуды жалғастыруда
«Жасыл ел» бағдарламасы және «Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында олар сенбілік ұйымдастырып, өзен арналары мен қаланың шет аймақтарын қоқыстан тазалады.
14 маусым 2025