Menu HELPDESK

Консерваторияда «Грэмми» сыйлығының номинанты Елена Зарембаның шеберлік сыныбы өтті


Қыркүйек айының 15 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залында П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының және Г. Вишневская атындағы опералық ән айту орталығының профессоры «Грэмми» сыйлығының номинанты Елена Зарембаның (меццо-сопрано, контральто) шеберлік сабағы өтті.  

Шеберлік сабағы барысында өнер иесі өз тәжірибесімен бөлісіп, консерватория студенттерін опералық ән айтудың қыр-сырына қанықтырып, дәріске жиналған көпшіліктің қойған сұрақтарына жауап берді. Шығармашылық басқосу қызықты әрі тартымды өтті.







Альбомдарға оралу