Menu HELPDESK

Жаңа оқу жылындағы ректор кездесуі


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында ректор міндетін уақытша атқарушы, Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бақытқызының консерватория студенттерімен кездесуі болып өтті.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған кездесудің мақсаты cтуденттерді консерваторияның білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспарлармен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру болды.

Кездесуде консерватория ректорының міндетін уақытша атқарушы, Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы өнер-білім ордасы табалдырығын биыл ғана аттаған студенттер үшін өмірдің жаңа деңгейі басталғандығын, осы орайда білім алу кезеңінде ең алдымен тәртіп пен жауапкершілікке назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тек оқуда ғана емес, ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жан-жақты болуға, әрдайым жеңісті де жемісті жетістіктерге ұмтылуға шақырды.

Сондай-ақ, жиын барысында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған індет - нашақорлықтың зияны мен төндіретін қауіп-қасіреті жайында сөз қозғады.




Альбомдарға оралу