Даярлық курсы
ДАЙЫНДЫҚ КУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Оқу ақысы 2023-2024Консультациялар кестесі
Шығармашылық емтихан кестесі
ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ
Даярлық курсына түсуге арналған қабылдау емтихандарының өткізілу мерзімі
Шығармашылық емтихандарға құжаттарды қабылдау мерзімі |
18 – 23 тамыз |
Кеңес беру мерзімдері |
25 – 26 тамыз |
Шығармашылық емтихан өткізу мерзімі |
27 – 28 тамыз |
Шығармашылық емтихандарға қатысуға арналған құжаттар тізімі:
1. Қабылдау комиссиясы төрағасының атына қабылдау туралы өтініш;
2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа), қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білімі бар жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестат (түпнұсқа);
3. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
4. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
5. № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті), 063-нысан және көшірмесі (егу паспорты);
6. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (ұлдар үшін міндетті);
7. Жеңілдіктерді растайтын құжаттар: соңғы үш жылдағы лауреат дипломы – 2023, 2024, 2025 (түпнұсқа және көшірме), жетімдерге ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік және т. б., талапкердің мүгедектігі туралы анықтама;
8. Конверт А5 (фотосуреттер үшін).
ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ
«ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР»
I. Мамандық
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Романс немесе кез келген халық әнін орындау.
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Ескі ария;
· Классикалық романс (қазақша, орысша, батыстық);
· Қазақ халық әні.
II. Музыка теориясы
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Музыкалық қабілеттердің диагностикасы (ырғақ, есту, жады).
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум.
«ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР»
«Домбыра»
I. Мамандық
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Қазақстандық композиторлардың шығармалары;
· Әртүрлі сипаттағы 2 күй (төкпе, шертпе).
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Қазақстандық композиторлардың шығармалары;
· Әртүрлі сипаттағы 2 күй (төкпе, шертпе).
II. Музыка теориясы
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Үш ішекті аспаптар»
I. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Ірі формадағы шығарма (концерт, соната және т.б.);
· Қазақстандық композиторлардың шығармалары;
· Күй (шертер үшін).
II. Музыка теориясы
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Қылқобыз»
I. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Қазақстандық композиторлардың шығармалары;
· Қорқыттың күйі (өз таңдауы);
· Ықыластың күйі (өз таңдауы).
II. Музыка теориясы
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Прима қобыз»
I. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Ірі формадағы шығарма (концерт, соната және т.б.);
· Қазақстандық композиторлардың шығармалары.
II. Музыка теориясы
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Баян, аккордеон»
I. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Ірі формадағы шығарма;
· Халық музыкасын өңдеу немесе Қазақстан композиторларының шығармасы.
II. Музыка теориясы
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Фольклорлық аспаптар»
I. Мамандық
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· 2 түрлі сипаттағы күй.
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Қазақстандық композиторлардың шығармалары;
· 2 түрлі сипаттағы күй.
II. Музыка теориясы
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Музыкалық қабілеттердің диагностикасы (ырғақ, есту, жады).
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Халық әні»
I. Мамандық
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Халық әні;
· Халық композиторларының әні немесе терме-толғау.
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Халық әні;
· Халық композиторларының әні немесе терме-толғау;
· Қазіргі композиторлардың әні.
II. Музыка теориясы
1-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Музыкалық қабілеттердің диагностикасы (ырғақ, есту, жады).
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум.
«КОМПОЗИЦИЯ»
I. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілерге:
· Кіші формадағы жанрлардың шығармасы:
- аккомпанементпен авторлық мелодия;
- вокалдық шығарма (ән, романс және т. б.);
- кез-келген түрдегі аспаптық пьеса.
Шығармалар міндетті түрде орындалған (аудио/бейне жазба), жазбаша ноталық мәтін түрінде ұсынылады. Авторлық шығармаларға жазбаша түрде шығарманың ойы, музыканың сипаты, музыкалық құралдар мен аспаптарды таңдау, үндестігі және т. б. түсіндірме беріледі.
II. Музыка теориясы
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бірінші дәрежелі туыстық модуляция, секвенция ойыны.
«АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ»
«Ішекті аспаптар»
I. Мамандық
1-ші және 2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
· Ірі формадағы шығарма;
· Гамма (штрихтар, арпеджио, қос ноталар).
II. Музыка теориясы
1-ші және 2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар»
І. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
· Түрлі сипаттағы 2 пьеса;
· Гамма 4 белгіге дейін, этюд.
ІІ. Музыка теориясы
2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«Фортепиано»
І. Мамандық
2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
· ЖТК-дан прелюдия және фуга;
· Классикалық сонатаның бөлігі (І бөлім немесе ІІ-ІІІ б.);
· Этюд.
ІІ. Музыка теориясы
2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
· Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу;
· Бір тоналды кезең, секвенция ойыны.
«АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ»
2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:
І. Әңгімелесу
Бұл кезеңнің мақсаты – талапкердің арт-менеджмент, өнер және креативті индустриялар саласындағы кәсіби мотивациясын, коммуникациялық дағдыларын және хабардарлық деңгейін анықтау. Әңгімелесу барысында талапкердің өз бетінше және командамен жұмыс істеуге дайындығына, сондай-ақ өз ойларын тұжырымдай және дәлелдей білу қабілетіне ерекше көңіл бөлінеді.
ІІ. Шығармашылық емтихан
Эссе тақырыбы: «Менің мотивациям және кәсіби таңдауым»
Эссенің көлемі – 500 сөз. Мәтін келесі сұрақтарға толық және дәлелді жауаптарды қамтуы тиіс:
1. Сіз неге «Арт-менеджмент» мамандығына қызығушылық таныттыңыз?
2. Сіздің ойыңызша, табысты арт-менеджер болу үшін қандай жеке және кәсіби қасиеттер қажет?
3. Неліктен кәсіби мақсаттарыңызды жүзеге асыру үшін Қазақ ұлттық консерваториясын таңдадыңыз?
4. Арт-менеджмент саласында даму үшін қандай қадамдар немесе бастамалар жасадыңыз (жобаларға қатысу, волонтерлік қызмет, іс-шаралар ұйымдастыру және т.б.)?