Menu HELPDESK

Домбырашылар ансамблі

Домбырашылар ансамблі 2002 жылдан бастап домбыра кафедрасында пән ретінде құрылып, оқу бағдарламасына енгізілді. Ансамбль репертуары халық және халық композиторларының күйлері мен Қазақстан композиторларының туындыларынан құрылған. Сонымен қатар қазіргі заман күйші-композиторларының туындылары енді. 2002-2010 жылдар аралығында ансамбльге профессор Қаршыға Ахмедияров жетекшілік етті. 2010-2013 жылдары Арман Жүдебаев ансамбльмен жетекшілік қызметін атқарды. 2013-2018 жылдары Абылай Тілепбергенов бұл қызметті жалғастырып, бүгінгі күнде ансамбль жетекшісі ретінде Әсел Алина қызметін жалғастыруда.