Menu HELPDESK

Халық әні

Білім беру бағдарламасының тобы
В021-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02115 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР
(ХАЛЫҚ ӘНІ)

І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

1. Бағдарламаны орындау әншілер үшін:
1. Бір халық әні;
2. Бір халық композиторының әні;
3. Бір қазіргі заман композиторының әні.
2. Бағдарламаны орындау жыршылар үшін:
1. Ақын, жыраулар шығармашылығынан бір терме-толғау;
2. Бір жыр немесе дастаннан үзінді;
3. Қазіргі заман ақын-жыраулардың шығармашылығынан бір терме немесе толғау.


Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан

33-45 балл:
Жоғары талапқа сай келуі. Талапкердің өз өңіріне сай әншілік мектебін терең меңгере отырып, орындаушылық қырын жақсы көрсете білуі. Домбыраны қостап тартуда өңірдің стильдік ерекшеліктерін сақтау және жоғары кәсіби деңгейді барлық жағынан көрсету. Әннің не болмаса терме-толғаулардың мазмұнын барынша аша білуі, дауыс және дыбысты бағыттау заңдылықтарын сақтау, есту қабілетінің жоғары, тіл тазалығының анық әрі ашық болуы тиіс.
19-32 балл:
Талапкер орындалатын әнді, терме-толғауды өз деңгейінде көрсету, әннің әуенін, мәтінін білу, дауысты және дыбыс бояуын анық көрсете білу, домбырада қсотап тарту шеберлігін байқату, дәстүр бойынша өз өңірінің орындаушылық үлгісінің ерекшелігін мейлінше игеріп, жақсы өнер көрсету.
5-18 балл:
Бағдарламадағы әннің, терме-толғаудың әуенін, мәтінін дұрыс еместігі, өңірдің ән салу және домбырада қостап тарту заңдылығының сақталмауы, орындаушылық деңгейінің жетіспеуі, сахна мәдениетінің сақталмауы, тіл тазалығының жоқтығы, қабылдау емтиханының талаптарының сақталмауы.
0-4 балл:
Әннің, терме-толғаудың мәтіндерін  білмеу, дауыс бояуының, дауыс мүмкіндігінің аз болуы, орындаушылық дәстүрдің сақталмауы, орындаушылық деңгейінің өте төмендігі және орындаушы ретінде талапқа сай болмауы, есту қабілетінің төмендігі,  тіл тазалығының нашар болуы, сахна мәдениетін сақталмауы, емтихан талаптарының болмауы.


ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

 
Музыканың қарапайым теориясы – билеттер бойынша ауызша: дыбыстан және тоналдылықтан диатоникалық интервалдар мен аккордтарды құру және анықтау (мажор мен минордың 2-ден 5-ке дейінгі негізгі белгілері), ырғақ сезімін тексеру. Сольфеджио оқулығының нөмір парағынан оқу.
Сольфеджио – (жазбаша) кезең түрінде өтетін және хроматикалық дыбыстары бар диатоникалық қойманың бір дауысты диктанты.

 

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан

33-45 балл:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;
19-32 балл:
Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.
5-18 балл:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 балл:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.