Menu HELPDESK

ШЕРТЕР, ДОМБЫРА-ПРИМА, БАС ДОМБЫРА

Білім беру бағдарламасының тобы
В021-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02115 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР
(ШЕРТЕР, ДОМБЫРА-ПРИМА, БАС-ДОМБЫРА)


Бұл мамандыққа келесі оқу орындарының түлектері түсуге құқылы:
1.     музыкалық колледж бітірушілері;
2.     мамандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары;
3.     Өнер колледжінің бітірушілері;
4.     Эстрада және цирк колледжінің бітірушілері;
5.     Гуманитарлық-педагогикалық колледж бітірушілері;
6.     Жоғары оқу орындары (ақылы негізде екінші жоғары білім алу үшін) тапсыра алады.

 
 І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН

 
Бағдарламаны орындау:
·        Күрделі формадағы бір шығарма (Концерт, соната және т.б.);
·        Шеберлік көрсететін бір шығарма;
·        Қазақстан композиторларының бір шығармасы;
·        Кантилена жанрында бір шығарма;
·        Бір күй (шертер аспабында орындаушылар үшін).

 

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан

33-45 балл:
Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.
19-32 балл:
Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.
5-18 балл:
Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).
0-4 балл:
Тоқтау, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі,  дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.

 
ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

 
Гармония – билеттер бойынша ауызша(туыстықтың бірінші дәрежесіндегі тоналдылықта модуляция ойнау, көрсетілген тоналдық жоспар бойынша жоғары немесе төмен секвенция; туындының бастапқы кезеңін гармониялық талдау);
Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, туыстықтың бірінші дәрежесіндегі тональдылықтағы ауытқулармен кезең нысанындағы бір дауысты диктант.

 

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан

33-45 балл:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;
19-32 балл:
Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.
5-18 балл:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 балл:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.