Консерватория жаңалықтары
16 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы үлкен залда «Балалар және шеберлер» концерті өтті

Музыкалық кеш бір сахнада жас орындаушылар мен тәжірибелі музыканттардың басын қосты. Жанды дауыспен орындалған әндер көрермендерге керемет әсер сыйлады.
16 маусым 2025
«Музыкатану және композиция» кафедрасының магистранты Дина Жексембаеваны халықаралық деңгейдегі жеңісімен құттықтаймыз!

Беделді академиялық алаңда өзін таныту – терең ғылыми ізденіс пен музыкалық мұраға деген шынайы қызығушылықтың нәтижесі.
Біз студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және кәсіби жетекшілік еткен оқытушыларымызға ерекше қолдауы үшін алғысымыз шексіз!
Біз студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және кәсіби жетекшілік еткен оқытушыларымызға ерекше қолдауы үшін алғысымыз шексіз!
16 маусым 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері экологиялық бастамаларға белсене қатысуды жалғастыруда

«Жасыл ел» бағдарламасы және «Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында олар сенбілік ұйымдастырып, өзен арналары мен қаланың шет аймақтарын қоқыстан тазалады.
14 маусым 2025
13 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ресми сапармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Білім және ғылым департаментінің директоры Майра Нұрғалиева келді

13 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ресми сапармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Білім және ғылым департаментінің директоры Майра Нұрғалиева келді.
13 маусым 2025
The Art of Encores – әр шығармасы сыйлықтай қабылданған, әр аккорды өнерге деген махаббаттың белгісіндей естілген музыка кеші

12 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында
Еркебұлан Сапарбаев – «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті скрипкашы; Нұрсұлтан Омарғазин – халықаралық байқаулардың лауреаты, энергетикасы ерекше пианист өнер көрсетті.
Еркебұлан Сапарбаев – «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті скрипкашы; Нұрсұлтан Омарғазин – халықаралық байқаулардың лауреаты, энергетикасы ерекше пианист өнер көрсетті.
12 маусым 2025
Оқу жылы аяқталуда, сондықтан оны қорытындылаймыз!

2025 жылғы 12 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Оқу-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы болып өтті.
12 маусым 2025
10 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова және Құдыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Ділмұрат Бахаров ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойд

Серіктестік аясында оқу орнымызда музыкалық дәстүрді сақтап, дамытуға бағытталған «Ұйғыр халық аспаптары» мамандығы ашылатын болды
10 маусым 2025
«Жасыл ел» жастар бағдарламасына қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері құрылыс жасағы құрамында қызметіне белсене кірісті
Бағдарлама аясында студенттер жатақхананы тазалау және абаттандыру, тұрғын бөлмелерді сырлау, сондай-ақ тұрмыс жағдайының санитарлық және эстетикалық келбетін жақсарту жұмыстарымен айналысуда.

Бағдарлама аясында студенттер жатақхананы тазалау және абаттандыру, тұрғын бөлмелерді сырлау, сондай-ақ тұрмыс жағдайының санитарлық және эстетикалық келбетін жақсарту жұмыстарымен айналысуда.
9 маусым 2025
Мамыр айының 28 мен 30 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Құрамбаева Бішкекте өткен ІІ Халықаралық «Виват, рояль!» фортепиано

Мамыр айының 28 мен 30 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Құрамбаева Бішкекте өткен ІІ Халықаралық «Виват, рояль!» фортепианолық музыка фестивалі аясында шеберлік сағаттар сериясын өткізді.
9 маусым 2025
Қабылдау 2025