Қансейіт Самат Асанұлы
АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Баспасөз-хатшысы
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:
Тел.: 8 (727) 338 22 52
Е-mail: S.kanseitov@conservatoire.edu.kz
1. БІЛІМІ:
1991-1995 ж.а. - Шымкент музыкалық училищесі (домбыра класы);
1995-1999 ж.а. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті. Мамандығы: Мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастырушы және өнер менеджері;
1999-2003 ж.а. - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (үздік диплом). Мамандығы: Жеке аспапта орындаушы, оркестр және ансамбль артисі, оқытушы (сыбызғы, шаңқобыз, сазсырнай);
2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
2000-2002 ж.а. - Н. Тілендиев атындағы “Отырар сазы” Мемлекеттік фольклорлы-этнографиялық оркестрінде оркестр артисі;
2002-2004 ж.а. - С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде студенттік көркем-шығармашылық ұжымның жетекшісі;
2004-2010 ж.а. - шығармашылық топтың мүшесі. (Ресей, Моңғолия, Иран, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне гастрольдік іс-сапар);
2011-2013 ж.а. - Әртүрлі мәдени жобалармен жұмыс;
2013-2022 ж.а. - «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның «Хабар» телеарнасында музыкалық редактор қызметі;
2014-2016 ж.а. - «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның «Хабар» және «Білім және мәдениет» телеарналарында «Ғасырлар пернесі», «Дала әуені», «Шығармашылық кеш», «Кеше ғана» муз. бағдарламаларында музыкалық редактор қызметі;
2016-2017 ж.а. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде ұстаздық қызмет;
2016-2018 ж.а. - «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде аспапта орындаушы, әрі музыкалық редактор;
2018ж. қыркүйек айынан 2020 жылдың қазан айына дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы БАҚ-мен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі, Баспасөз-хатшысы.
2020 жылдың қазан айынан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ақпараттық саясат бөлімінің басшысы, Баспасөз-хатшысы.
_______________________________________________________________________________________________________
Ақпараттық саясат бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
1) консерватория ректоры мен ұжым қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында дәріптеу, БАҚ-мен байланысты күшейту;
2) консерваторияның ең маңызды жобалары мен оқиғалары туралы студенттерді, ПОҚ, қызметкерлер және көпшілікті ақпараттандыру;
3) консерватория сайтының жұмысын www.conservatoire.edu.kz, әлеуметтік желілердегі консерватория (facebook, instagram, youtube) профильдерін жүргізу;
Ақпараттық саясат бөлімінің ережесі
Құжаттар