Menu HELPDESK

Офис-тіркеуші бөлімі

Офис-тіркеуші бөлімінің басшысы - Сахова Карлыга Адилхановна


     БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:

      Тел.: +7-727-261-57-48 (121)

      E-mail: kelmes@mail.ru


ОФИС-ТІРКЕУШІ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

‒      консерватория деңгейінде бакалавриаттың білім беру процесін іске асыруды үйлестіру және бақылау;

‒      ағындардың, топтардың, кіші топтардың санын қалыптастыру және анықтау;

‒      Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен жұмыс жасау;

‒      оқу процесін реттейтін нормативтік құжаттаманы әзірлеу және жетілдіру;

‒      білім алушыларды ауыстыру, қайта қабылдау, қабылдау, оқудан шығару, академиялық демалыс туралы бұйрықтар шығару;

‒        қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру және бақылау, Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша статистикалық мәліметтерді ұсыну;

‒        бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша консерваторияның білім беру бағдарламаларын лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау, халықаралық аккредиттеу үшін ақпараттар, әдістемелік құжаттар дайындау;

‒        жазғы семестрді жоспарлау және ұйымдастыру;

‒        құжаттаманы жүргізу, оқу жетістіктерін тіркеу және білім алушылардың транскриптерін қалыптастыру;

‒        семестрішілік аралық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ведомостарын дайындау;

‒        түлектерге өзіндік үлгідегі дипломдарды дайындау және беру;

‒        қатаң есептілік бланкілерін тіркеу және беруді есепке алу;

‒        өз процестерінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу;

‒        ISO менеджмент стандарттарының талаптары бойынша өз процестерінің құзыреті шеңберінде менеджмент жүйесін бақылау және талдау және бұл деректерді Консерватория басшылығына ұсыну;

‒        сапа менеджменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқарудың басқа да тиімді жүйелері саласындағы басшылық саясатын іске асыру;

‒        сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;

‒        бөлімнің басқару сапасын басқару жүйелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі және консерваторияда енгізілген басқа да жүйелер саласындағы жұмысын жақсарту мақсаттарына қол жеткізу.


Ережелер

Құжаттар