Menu HELPDESK

Chinese University Program

Chinese University Program дегеніміз не?

Chinese Government Scholarship—Chinese University Program бағдарламасы - Қытай Білім министрлігінің стипендиясы, оның мақсаты - шетелдік студенттерді тартуда ерекше провинцияларда немесе автономиялық өңірлерде орналасқан қытай университеттерін қолдау. Степендия магистратура және аспирантура студенттеріне арналған.

Магистратура студенттеріне стипендия 2-3 академиялық жылға төленеді.

Аспирантура студенттеріне стипендия 3-4 академиялық жылға төленеді.

Магистратура бағдарламалары қытай тілінде; ағылшын тілінде.

Аспирантура бағдарламалары.

Қытай Үкіметі толық стипендия ұсынады. Стипендия:

оқытудың толық құны төленеді;

Тұратын жері: (студенттік жатақханада тұру немесе магистратура студенттеріне - айына 700 CNY, аспирантура студенттеріне - айына 000 CNY субсидия);

стипендия (магистратура студенттеріне - айына 3000 CNY, аспирантура студенттеріне -3500 CNY айына);

медициналық сақтандыруды қамтиды.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қытай азаматтары болып табылмайтын кандидаттар стипендияға үміткер бола алады;

кандидаттар дені жағынан да, ментальдық жағынан да дені сау болуы тиіс;

кандидаттар өтінім беру кезінде қытай жоғары оқу орындарының студенттері болмауы тиіс, сондай-ақ соңғы жыл ішінде қытай жоғары оқу орнын бітірген кандидаттар өтінім бере алмайды;

магистратураға түсетін кандидаттардың бакалавр дәрежесі (немесе баламасы) болуы және 35 жастан кіші болуы тиіс (2018 жылғы 1 қыркүйекке);

аспирантураға түсетін кандидаттардың магистр дәрежесі (немесе баламасы) болуы және 40 жастан кіші болуы тиіс (2018 жылғы 1 қыркүйекке);

сондай-ақ 2018 жылғы шілдеге дейін диплом алатын үміткерлер өтінім бере алады;

2017-2018 оқу жылында қандай да бір басқа қытай стипендиясын немесе грантын алған студенттер стипендияға үміттене алмайды.

 

https://www.studyinchina.com.my/web/page/chinese-government-scholarship-application/