Menu HELPDESK

GKS

GKS дегеніміз не?

Жыл сайын Global Korea Scholarship (GKS) үкіметтік стипендиясы, бұрын Korean Government Scholarship Program (KGSP) деп аталған, үздік халықаралық студенттерге Оңтүстік Кореяда тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беру бағдарламасы.

Стипендия Кореяда, ағылшын және корей тілдерінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында оқу ақысын толығымен жабады.

Шетелдіктерге арналған, Оңтүстік Корея стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар, іс жүзінде университеттердің қабылдау талаптарына сәйкес келеді, сондықтан осы стипендияға ие болу аса қиын емес.

GKS стипендиясы нені қамтиды?

Global Korea Scholarship (GKS) стипендиясы өте беделді болып саналады және келесілерді қамтиды:

1.      Білім беру құнын: стипендиялық бағдарламаға қатысатын университеттің таңдалған бакалавриат, магистратура немесе докторантура бағдарламаларында Оңтүстік Кореяда оқу ақысын толығымен жабылуын;

2.      Кореяға және кері ұшуын: студенттің туған елінен Кореяға және одан шығатын ең қысқа бағыт бойынша эконом-класс рейсінің құнын толық жабылуын;

3.      Оқуға түскен студентерге төлем: Оңтүстік Кореяға ұшып келу үшін $161 мөлшерінде біржолғы төлем;

4.      Ай сайынғы стипендиясын: $671 (бакалавриат бағдарламаларына) немесе $ 755 (магистратура және докторантура бағдарламаларына) айлық стипендиясын;

5.      Білім алушыға арналған, айына 16 доллар құрайтын медициналық сақтандыруды;

6.      Тілдік курстардың оқу ақысына, 671 доллар құрайтын стипендиясын;

7.      Корей тілін меңгергені үшін төлемін;

8.      Білім алушының зерттеулеріне ақылы қолдау көрсетуді: айына $176 (гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды зерттеу бағдарламалары үшін) немесе айына $201 (жаратылыстану және инженерлік ғылымдарды зерттеу бағдарламалары үшін) ай сайынғы стипендиясын;

9.      Диссертацияны дайындауды, диссертацияны басып шығаруға және ресімдеуге 419-дан 671-ге дейінгі мөлшерде біржолды төлем;

10. Бағдарламаның сәтті аяқталуы, оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған GKS стипендиаттары үшін 84 доллар құрайтын біржолғы төлем.

GKS стипендиясын кім ала алады?

Кореяда стипендияға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Өзбекстанды қоса алғанда, қатысушы елдердің бірінің азаматы болып табылатын корей университеттерінің біріне оқу бағдарламасына түскісі келетін, шетелдік студент өз өтінімін бере алады.

http://www.niied.go.kr/user/nd35203.do