Menu HELPDESK

MEXT

MEXT деген не?

Mext (Ministry of Education, Culture, Sports, Science and Technology) — бұл Жапонияда жоғары білім алғысы келетін, халықаралық студенттерге арналған, стипендиялық бағдарлама. Ол Жапониядағы барлық оқу кезеңіне, соның ішінде жапон тілін оқыту курсына қаржылық қолдау көрсетеді. Mext стипендиясын бакалавриат, магистратура және докторантураға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу үшін алуға болады.

Mext стипендиясына ие болу үшін, сіз келесі талаптарға сай болуыңыз керек:

1.      Шетелдік студент болу.

2.      Жапон тілі курсына немесе Жапонияда оқу бағдарламасына тіркелу.

3.      Жоғары академиялық жетістіктерге ие болу.

4.      Физикалық және психологиялық тұрғыдан сау болу.

5.      Жапония визасын алумен және елдің ішінде болуға немесе тұруға байланысты проблемалар болмау.

Стипендиат болғысы келетіндер өз еліндегі Жапония Елшілігіне немесе консулдығына өтініш беруі керек. Үміткерлерді екі емтихан күтеді – тілдік және бейіндік пән бойынша. Емтиханнан кейін, болашақ студенттерді жапон немесе ағылшын тілдерінде сұхбат күтеді.

Елшілікте іріктеуден сәтті өткен жағдайда, мақұлданған құжаттар топтамасын, өзіңіз таңдап алған жоғары оқу орындарына жіберуге болады. Үміткерді қабылдайтын Жапонияның бірнеше жоғары оқу орындарының ішінен Білім министрлігі студенттің қай жерде оқитынын өзі таңдайды.

Бакалавриатқа түсуге арналған MEXT стипендиясы

Қатысу үшін аяқталған орта білім туралы аттестат қажет. 17 және 21 жас аралығындағы талапкерлерге рұқсат етіледі. Үміткерлер гуманитарлық, жаратылыстану және медициналық мамандықтарға түсе алады.

Оқу медициналық мамандықтар үшін жеті жылға, қалғандары үшін бес жылға созылады. Мерзім жапон тіліне дайындық курстарында бір жыл оқуды қамтиды.

Стипендия мөлшері айына шамамен ¥117 000 құрайды.

Магистранттар мен аспиранттарға арналған MEXT стипендиясы

Үміткерлердің жоғары білімі болуы керек және 35 жастан кіші болмауы керек. Оқу мерзімі, жапон тілін үйренуді ескере отырып, екі жылға созылады.

Стипендия мөлшері айына шамамен ¥143 000 құрайды.

https://www.mext.go.jp/en/about/index.htm