Menu HELPDESK

Халық әні

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жоғары оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі музыкалық өнер пәндері бойынша «Халық әні» кафедрасы дәстүрлі орындаушылық бойынша «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің XIV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасын өткізеді.


 
Жалпы ережелері:


Мерзімі: 2022 жыл 21 сәуір
Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық әні кафедрасы

Өтетін жері: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, концерттік зал. Мақсаты: Жан-жақты дамыған кәсіби музыкантты қалыптастыру, музыкалық және орындаушылық қабілеттерін дамыту, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру. Оқу-тәрбие процесін        жетілдіру                   және оқушылардың        оқуға         деген              ынтасын      арттыру,    болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамыту, студенттердің оқу және танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру,    сонымен    қатар    отандық    музыкалық    мәдениеттің    және    Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

Олимпиада қатысушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дәстүрлі өнер бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына (Халық әні) ЖОО студенттері арасында қазіргі кезде Халық әні және жыршы дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша оқитын шығармашылық ЖОО, университеттердің музыкалық факультеттерінің студенттері қатыса алады.
  

Олимпиада ережелері:

  «Халық әні» номинациясы:


1)   Халық әні.
2)   Халық композиторы
3)   Дәстүрлі ән үлгісінде жазылған қазіргі заман композиторларының бір әні.

 

  «Жыршылар» номинациясы:


1) Өзінің жыршылық мектебінен бір терме.
2) Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде 5 минут).


                                                                 Олимпиаданың     шарттары: 


Қатысуға    өтінімдер     elza.8181@mail.ru     электронды поштасына 2022 жылдың 01 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады:
- Өтінім (Қосымша 1);
- Жеке куәліктің көшірмесі (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, жіберу қажет)


Олимпиада талаптары:


· Республикалық кіші пәндік олимпиада өткізілуі: дәстүрлі үлгіде (оффлайн)
· Сахналық мәдениет үлгісі сақталуы тиіс.
· Олимапиада осыған дейін БАС ЖҮЛДЕ алған қатыспайды.


Студенттік      сайыстың      жеңімпаздары      Құрманғазы           атындағы     консерватория дипломдарымен марапатталады.
Олимпиада туралы ақпарат (рәсім, өтініш формасы) қосымшада келтірілген.
«Халық әні», «Жыршылар» номинациясы бойынша барлық сұрақтарды мына номер арқылы біле          аласыздар.    

Үйлестіруші    –   Карабалина    Эльза   Жеңісқызы, байланыс   тел: +7-701-362-30-35.


Орындар мен дипломдар


Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

I орын - бір диплом лауреаты
II орын - екі диплом лауреаты
III орын - үш диплом лауреаты

Қазылар алқасы: Барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы.
Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.