Menu HELPDESK

Қобыз және баян


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті

"Қобыз және баян" кафедрасы

«ҚР мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінің оқушылары арасында ХІV Республикалық кіші олимпиадасына қатысу туралы

(прима қоыз, қыл қобыз,баян, аккордеон)

Ережесі

   Жалпы ережелері:


Өтетін күні: 15 сәуір 2022 ж.

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Қобыз және баян» кафедрасы

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оффлайн түрде. 

Мақсаты: Жан-жақты дамыған кәсіби музыкантты қалыптастыру, музыкалық және орындаушылық қабілеттерін дамыту, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру және оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамыту, студенттердің оқу және танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру, сонымен    қатар    отандық    музыкалық    мәдениеттің    және    Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

Олимпиада қатысушылары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дәстүрлі өнер бойынша XIV Республикалық кіші онлайн олимпиадасына қазіргі кезде прима қобыз,қыл қобыз, баян, аккордеон пәндерінен дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша оқитын ҚР мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінің оқушылары мен студенттері қатыса алады.


Дәстүрлі өнер мамандығы бойынша

Олимпиада ережелері:

Қыл кобыз номинациясы бойынша:


1. Б.Джуманиязов - Романс

2. Ықылас - Шыңырау

3. Таңдауы бойынша бір күй.

 

Прима кобыз номинациясы бойынша:


1. Концерт І немесе ІІ, ІІІ бөлім

2. К.Күмісбеков - Концерттік пьеса.

 

Баян, аккордеон номинациясы бойынша:


1. Екі бөлімді полифониялық шығарма


2. Таңдауы бойынша бір шығарма Олимпиаданың шарттары:

Қатысуға өтінімдер қыл қобыз номинациясы бойыншаqobyz.olimpiada@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады. Баян, аккордеон номинациясы бойынша jupiterman@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады.

Прима қобыз номинациясы бойыншаaiganym.shugai@mail.ru  электронды поштасына 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады.

 

Олимпиада туралы ақпарат (рәсім, өтініш формасы) қосымшада келтірілген.

Қыл қобыз номинациясы бойынша барлық сұрақтарды мына номер арқылы біле аласыздар. Үйлестіруші – Масымханова Ақторғын Бекболатқызы, байланыс тел.+7-702-329-21-91

Прима қобыз номинациясы бойынша барлқ сұрақтарды мына номер арқылы біле аласыздар, Үйлестіруші - Шұғай Айғаным Шұғай қызы, байланыс тел. +7-702-423-15-76 

Баян және аккордеон номинациясы бойынша үйлестіруші - Нарымбетов Ғалымжан Маратович, байланыс тел. +7-747-185-07-08.


Орындар мен дипломдар


Сайыстың жеңімпаздары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ мақтау қағаздарымен марапатталады.

Қазылар алқасы: Барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдар мен марапаттауға құқылы.

Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

 

Өтінім