Консерватория жаңалықтары

Таяуда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында ұйымдастырған Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар есімдері белгілі болды.

2022 жылдың 22 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында "Үрмелі және ұрмалы аспаптар" кафедрасының ұйымдастыруымен жаңа жылдық концерт өтті.

2022 жылғы 25 желтоқсан күні Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры және Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның ұйымдастыруымен, «Солнышко» балалар үйінде, қайырымдылық мақсатта Антонио Спадавеккианың «Күлше қыз» спектаклі қойылмақ.


2022 жылы 14 желтоқсан күні консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасының студенттерімен Тәуелсіздікті ту еткен желтоқсаншылар: Исабаева Ұлжалғас Жұмайқызы, Біттібаева Ұлтуар Баубекқызы, Арсаламова Роза Айтбекқызымен кездесу өтті.