Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерватория студенттері «Музыкатану» мамандығы бойынша өткен олимпиададан жеңіспен оралды
Консерватория студенттері «Музыкатану» мамандығы бойынша өткен олимпиададан жеңіспен оралды
2022 жылы 14-15 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкатану» мамандығы бойынша Е.Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Аталмыш байқауда консерватория студенттері жоғары нәтиже көрсетті. ««Хорал» Е. Рахмадиева из оперы «Қамар сұлу»: режиссерские поиски композитора» тақырыбында баяндама жасаған Хуторова Вера (жетекшісі Газизова Л.Ш.) 2 орын иеленсе, «Проявление традиционного мелодического мышления в мелодике С. Мухамеджанова (на примере симфонии «Буря»)» тақырыбындағы баяндамасымен байқауға қатысқан Ситникова Юлиана (жетекшісі Қожабеков И.К.) 3 орынға қол жеткізді. Ал Міржүсіпова Ревекка, Қадырова Жадыра және Таңсықбаева Балнұр дипломант атанды.
Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жетекшілерін құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.
18 сәуір 2022
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай салтанатты шара өтті
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай салтанатты шара өтті
Бүгін өнер-білім ордасының орталық алаңындағы Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші жанында ЮНЕСКО ұйымының Халықаралық кеңес Ассамблеясы бекіткен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
18 сәуір 2022
ҚҰРМЕТТІ ЖАС МАМАНДАР МЕН PНD ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫ!
ҚҰРМЕТТІ ЖАС МАМАНДАР МЕН PНD ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫ!
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ
Сіздерді «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Ибраева Ж.С. қатысуымен өтетін онлайн іс-шараға қатысуға шақырады.
18 сәуір 2022
ЭРАЗМУС+ СТУДЕНТТЕР ҚАБЫЛДАЙТЫНЫН ХАБАРЛАЙДЫ
ЭРАЗМУС+ СТУДЕНТТЕР ҚАБЫЛДАЙТЫНЫН ХАБАРЛАЙДЫ
Халықаралық Эразмус+ бағдарламасының аясында және Виго Консерваториясының (Виго қ., Испания) келісімімен 2022-2023 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылданатыны хабарланады:
Бакалавриат деңгейінде: 2-3 курстарға, «Ішекті аспаптар», «Үрмелі аспаптар».
18 сәуір 2022
«Баян-аккордеон» аталымының жеңімпаздары анықталды
«Баян-аккордеон» аталымының жеңімпаздары анықталды
16 сәуірде «6В02107–дәстүрлі өнер» мамандығында білім алып жатқан студенттер арасында «Баян-аккордеон» аталымы бойынша ХІV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.
17 сәуір 2022
«Қыл қобыз» аталымы бойынша сайыс нәтижесі белгілі болды
«Қыл қобыз» аталымы бойынша сайыс нәтижесі белгілі болды
16 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЖОО студенттері арасында XIV Республикалық студенттік пәндік үлкен олимпиадасы» аясында 6В02107– «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасы бойынша «Қыл қобыз» аталымынан сайыс мәресіне жетті.
17 сәуір 2022
Ғалымжан Нарымбетовтың «PJAZZOLLA FOREVER» атты шығармашылық концерті өтті
Ғалымжан Нарымбетовтың «PJAZZOLLA FOREVER» атты шығармашылық концерті өтті
2022 жылдың 15 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залында «Қобыз және баян» кафедрасының оқытушысы, «Құрмет» грамотасы мен «Ұлт мақтанышы» төсбелгісінің иегері, Ғалымжан Нарымбетовтың «PJAZZOLLA FOREVER» атты шығармашылық концерті өтті.
16 сәуір 2022
Әйгілі музыкант шеберлік сыныбын өткізді
Әйгілі музыкант шеберлік сыныбын өткізді
Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Берлиннен келген қонақ, дирижер әрі пианист Маттиас Манази мырза шеберлік сыныбын өткізді.
15 сәуір 2022
«Музыкалық білім беру» білім бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды
«Музыкалық білім беру» білім бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды
«Музыкалық білім беру» ББ бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2022 ж. 11-13 сәуірінде өткен ҚР БҒМ XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Үлкен олимпиадаға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 17 студент қатысты. Қазылар алқасының шешімімен «музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» 1 номинациясы бойынша жеңімпаздар келесі орындарға ие болды:
15 сәуір 2022