Консерватория жаңалықтары


2023 жылдың 15 қарашасында консерваторияның А. Жұбанов атындағы кіші залында Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Айдос Тоқтағұл Мыңжанұлының атақты Сұлтанның тұлғасы туралы баяндамасынан соң «Дебют» студенттік театры «Бейбарыс Сұлтан – Дешті Қыпшақтың перзенті» атты театрландырылған қойылым көрсетті.

2023 жылдың 15 қарашасында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына орай «Қобыз және баян» кафедрасының білім алушысы, профессор Қосбасаров Базархан Әбуұлының шәкірті, 3-курс студенті Майданова Самалдың «Аққу» атты жеке концерті болып өтті.

2023 жылдың 15 қарашасында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында VI Халықаралық камералық музыка фестивалі аясында Халықаралық конкурстардың лауреаттары Арсений Тарасевич-Николаев пен Алексей Мельниковтың (Ресей) «Фортепианолық дуэт» атты концерті өтті.


2023 жылдың 13 қарашасында консерваторияның Ғ.Жұбанова атындағы камералық залында өнертану кандидаты Ербол Үсенбаевтың «Атадан мұра» атты танымдық лекция-концерті өтті.

Жақында Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен күй атасы Құрманғазы атындағы республикалық домбырашылар байқауы өтті.

2023 жылдың 10 қарашасында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Орган музыка кеші өтті.
