Menu HELPDESK

Ішекті аспаптар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«ІШЕКТІ АСПАПТАР» КАФЕДРАСЫ

«Скрипка», «Альт», «Виолончель», «Контрабас», «Классикалық гитара» номинациялары бойынша

 

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ

 ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізу күні:

 

8 сәуір 2023 жыл

Өткізу орны:

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы.

 

 

Ұйымдастырушылар:

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, «Ішекті аспаптар» кафедрасы.

 

Мақсаты:

Болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, ең талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау, отандық музыка мәдениеті мен Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

 

Міндеті:

Қазақстан Республикасындағы музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту.

 

Олимпиада қатысушылары:

ОАОО арасындағы «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша XIV Республикалық кіші олимпиадасына келесі музыкалық мекемелердің студенттері қатыса алады:

1. ҚР-ның музыкалық колледждері (4 курстар)

2. Мамандандырылған музыка мектептері 12 сыныптар)

 

Олимпиада шарттары:

өткен олимпиадалардың 1 сыйлығының лауреаты олимпиадаға қатыспайды

 

Олимпиаданы өткізу

- Олимпиада 1 турдан тұрады.

- Әрбір қатысушы өтінімде толық деректерді ұсынуы тиіс.

- Оқу орнынан анықтама.

- Жеке басын куәландыратын құжат.

Барлық қатысушыларға залда акустикалық дайындық үшін уақыт бөлінеді

 

«Скрипка», «Альт», «Виолончель», «Контрабас» номинациялары бойынша бағдарлама:

1. Қазақстан композиторының пьесасы

2. Виртуоздық пьеса

«Классикалық гитара» номинациясы бойынша бағдарлама:

1. 1800 жылдан кешіктірмей туылған композитордың бір шығармасы.

2. Қатысушының таңдауы бойынша бір жұмыс.

 

Олипиада шарттары:

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 20 наурызына дейін кешіктірілмей электронды түрде e-mail-ге жіберілуі тиіс: stringsolympiad@gmail.com

 

Орындар мен дипломдар:

 

        Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиада лауреаттары атағына ие болады және әрбір номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен жеке марапатталады

·        1 орын - 4 лауреат дипломы

·        2 орын - 7 лауреат дипломы

·        3 орын - 9 лауреат дипломы

·        Қатысқаны үшін Диплом-3 диплом

 

Қазылар алқасының құқығы:

жүлделі орындар мен дипломдардың барлығын бермеу, үздік орындағаны үшін дипломдарды бере алады.

Қазылар алқасының шешімі түбегейлі және қайта қарауға жатпайды.

 

Координатор:

 

Эмреева Акмарал Ерулановна  +7 (701) 478 85 73

e-mail: stringsolympiad@gmail.com


Өтінім