Menu HELPDESK

Халық әні

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«ХАЛЫҚ ӘНІ» КАФЕДРАСЫ

«Халық әні», «Жыршылар» номинациялары бойынша

 

ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілу күні:

 4 сәуір 2023 жыл

Өтетін орны

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасы

 

Ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы («Халық әні» кафедрасы).

Мақсаты:

болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау.

Қатысушылар:

Халық әні, жыршылар пәндерін дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша оқитын 3-4 ші курс білім алушылары қатыса алады

 

 

Қатысу шарттары:

 

1)                Олимпиада дәстүрлі түрде өткізіледі (офлайн).

2)                Сахналық мәдениет үлгісі сақталуы тиіс.

3)                Республикалық олимпиаданың бұрынғы БАС ЖҮЛДЕ иегерлері қатыса алмайды.

4)                Қатысушы оқитын оқу орнынан іріктеуден өткені туралы рұқсат қағазын тапсыруы тиіс.

5)                Орындайтын ән міндетті түрде қатысушының дауыс көлемін көрсетуі керек.

Өткізу тәртібі:

«Халық әні» номинациясы

1) Халық әні.

2) Халық композиторының әні (әр аймақ өз мектебі бойынша орындайды).

3) Дәстүрлі ән үлгісінде жазылған қазіргі заман композиторларының бір әні.

 

«Жыршылар» номинациясы

1) Өзінің жыршылық мектебінен бір терме.

2) Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде 5 минут).

Бағалау критерийлері

1)                Ән немесе жыр орындаушының бойына сіңген, еркін орындап отыр.

2)                Дауысы жарқын ашық және домбыра қостауы жақсы.

3)                Сахнада еркін, сахналық мәдениеті сақталған.

4)                Орындаушы ән немесе жырдың ішкі мазмұнын түсінген.

5)                Актерлық шеберлігі жақсы.

Марапаттау

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

• I орын – 1 диплом

• II орын – 2 диплом

• III орын – 3 диплом

• Арнайы жүлде – 3 диплом

Қазылар алқасы барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы.

Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Өтінім беру:

 

Қатысуға өтінімдер elza.8181@mail.ru электронды поштасына 2023 жылдың 24 наурызына дейін (қоса есептегенде) қабылданады:

-    Өтінім (Қосымша 1);

-    Жеке куәліктің көшірмесі.

(сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, жіберу қажет)

 

Байланыстар:

+7 701 362 30 35 – Карабалина Эльза Жеңісқызы, жоба ұйымдастырушысы



ӨТІНІМ