Menu HELPDESK

Композиция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«МУЗЫКАТАНУ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИЯ» КАФЕДРАСЫ 

«Композиция» номинациясы бойынша


   ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА


ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілу күні:

6-7 сәуір 2023 жыл

 

Өтетін орны

ҚР МСМ МК, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасы,

 

Ұйымдастырушылар:

ҚР білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы («Музыкатану және композиция» кафедрасы).

 

Мақсаты:

болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау.

 

Қатысушылар:

- ҚР музыкалық және шығармашылық ЖОО студенттері

 

 

Қатысу шарттары:

 

1.Олимпиадаға қатысу авторлық бүркеншік ат болған жағдайда ғана мүмкін болады;

2.Алдыңғы конкурстардың, олимпиадалардың және халықаралық конкурстардың лауреаттары болған шығармалар Олимпиадаға қатыса алмайды;

3.Тірі жазбаны (шынайы орындалған) міндетті түрде ұсыну (аудио, видео).

Үлкен Олимпиаданың (1тур-Авторлық шығарма) өту алгоритмы мен тәртібі:

 

1 тур-авторлық шығарма. 2 номинация бойынша өтеді:

№ 1 Номинация: фортепиано сүйемелдеуімен мыс-үрмелі аспапқа (труба, валторна, тромбон, туба және т. б.) арналған бір бөлімнен тұратын шығарма

№ 1 номинациядағы Үлкен Олимпиадаға қатысу үшін, қатысушылар хатының тақырыбында міндетті түрде "Үлкен Олимпиада, номинация 1" деп көрсете отырып:

- толтырылған өтінімдер (электронды түрде);

- аудио (mp3, waw) немесе бейне (MP4), тірі орындау жазбасындағы жұмыстар;

- пошта арқылы бүркеншік атпен нота мәтіні (электрондық PDF форматы)

competitionknc@gmail.com поштасына жіберу керек.

№ 2 Номинация: кез келген бағыттағы электронды композиция (академиялық бағыт, заманауи бағыттар, киномузыка, мастеринг).

№2 номинациядағы Үлкен Олимпиадаға қатысу үшін, қатысушылар хатының тақырыбында міндетті түрде :"Электрондық композиция" деп көрсете отырып:

- толтырылған өтінімдер (электронды түрде);

- аудио жоба (mp3, waw) немесе бейне (MP4);

- бастапқы бағдарламада орындалған аудио тректері бар жобаны бүркеншік атпен (Cubase, FL Studio, Logic Pro, Abletone және т.б.) competitionknc@gmail.com поштасына жіберу керек.

Үлкен Олимпиаданың (2тур-Импровизация) өту алгоритмы мен тәртібі:

 

2 тур - берілген тапсырмаға импровизация жасау.

Импровизацияның орындалу уақыты 2- 4 минутқа дейін. Импровизация шынайы орындалуы керек.

Импровизацияны дайындауға 2 сағат беріледі.

Үміткер келесі талаптарды сақтауы тиіс:

1. тақырыпты ашудың өзіндік және стандартты емес тәсілі;

2. музыкалық аспапты шебер меңгеру құпталады, бірақ бірінші тармақты сақтамаған жағдайда басымдық болмайды;

3. бір уақытта немесе дәйекті түрде бірнеше аспаптарда орындаушылық рұқсат етіледі;

4. Орындаушылықтың кеңейтілген әдістерін қолдану (стандартты емес дыбыс шығару және т. б.) ынталандырылады;

5. дауыстық әдістерді, сөйлеуді немесе ән айтуды қолдануға рұқсат етіледі;

6. Эксперимент ретінде "перформанс" мүмкін: тақырыпты ашу мен көруде сахналық немесе актерлік техниканы қолдана отырып импровизация істеуге болады. Музыкалық аспапта ойнаумен (немесе еліктеумен) үйлесуге жол беріледі. Ерекше, фантастикалық, стандартты емес ойлау және әзіл маңызды болып келеді. Ансамбльде (топта) жеке өнер көрсетуге болады. Идея авторы үміткер болады.

Олимпиада қатысушыларын бағалау критерийлері:

 

1 тур Авторлық шығарма, Номинация №1:

- 2023 номинацияға қойылатын талаптарды сақтау;

- Қызықты композиторлық шешім, композиторлық шеберліктің негізгі дағдыларын меңгеру (қалыптау (формообразование), гармониялық және полифониялық жазу, фактура, аспаптардың ерекшеліктерін білу және т.б.).

- композиция саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдермен шығармашылық ойды жеткізе білу.

1 тур Авторлық шығарма, Номинация №2:

- 2023 номинацияға қойылатын талаптарды сақтау;

- Қызықты композиторлық шешім, музыка жасауға арналған компьютерлік бағдарламалар саласында композиторлық шеберліктің негізгі дағдыларын меңгеру;

- сапалы трек игеру (мастеринг);

- ерекше қоспалар, үлгілер, дыбыстар кітапханасы және олардың дизайны

2 тур «Импровизация»:

- 2 турдың шарттарын сақтау;

- Қатысушыға берілген тақырыпты ашудағы импровизацияның сенімділігі;

- Ойлаудың стандарттылығы, іске асырудың өзіндік ерекшелігі;

Марапаттау

 

2 турдың қорытындысы бойынша (1 тур «Авторлық шығарма», 2 тур «Импровизация») - 1 орын (1 диплом), 2 орын (2 диплом), 3 орын (3 диплом) беріледі.

Қазылар алқасы барлық сыйлықтарды беруге, сондай-ақ қосымша номинацияларды енгізуге құқылы.

Өтініш беру:

 

Қатысу үшін өтінімдер мен матералдар жоба басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірмей астындағы пошта мекенжайына

"ҮЛКЕН ОЛИМПИАДА НОМИНАЦИЯ №1 " немесе "ҮЛКЕН ОЛИМПИАДА НОМИНАЦИЯ №2 " деп, міндетті түрде хатының тақырыбын көрсете отырып, competitionknc@gmail.com жіберілуі керек:

Байланыстар:

+77018239267 - үйлестіруші, композиция жөніндегі ұйымдастыру комитеті Ходжабеков Ильяс Сабидуллаұлы

+77770171019 - үйлестіруші, композиция жөніндегі ұйымдастыру комитеті Горячева Татьяна Викторовна


Өтінім