Menu HELPDESK

Имаё Әсел Назымбекқызының (PhD) докторлық диссертациясын қорғауы туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің  8D02101 – Музыкатану, 8D02111 – Композиция, 8D02123 – Арт-менеджмент, 8D02105 – Дирижерлеу, 8D02102 – Аспаптық орындаушылық, 8D02104 – Дәстүрлі музыкалық өнер, 8D02103 – Вокалдық өнер мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңесі Имаё Әсел Назымбекқызының "8D02123 – Арт-менеджмент" мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстанның музыка өнері саласындағы арт-технологиялардың ерекшеліктері: теория, тарих, тәжірибе» тақырыбындағы докторлық диссертация жұмысының қорғалатынын хабарлайды.

Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арт-менеджмент» кафедрасында дайындалған.

   

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бегембетова Галия Зайнакуловна – өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректоры, «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» (Алматы, Қазақстан).

2. Габриэле Жайдите – (РhD) философия докторы, профессор, Литва Республикасы Премьер-Министрінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Вильнюс, Литва Республикасы).

   

Ресми рецензенттер:

1. Алябьева Анна Геннадьевна – өнертану ғылымдарының докторы, профессор, «А.Г. Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институты» МБЖ ББМ, философия, тарих, мәдениет және өнер теориясы кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей).

2. Хетагури Леван Михайлович – (РhD) философия докторы, Грузия өнер ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор, Грузия техникалық университетінің ЮНЕСКО кафедрасының үйлестірушісі (Тбилиси, Грузия).

 

Диссертациялық қорғау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының: Алматы қ.,  Толе би көшесі, 59, Конференц-зал «Аль-Фараби Hall» 2023 жылдың 04-ші желтоқсанда, сағат 14:30 Құрманғазы атындағы ҚҰК, ресми You Tube парақшасында, тікелей эфирде өтеді.

Сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCkiaseppH_8qDaJOMr1XHRw

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелеріңінің құрамы:

 

1. Аязбекова Сабина Шариповна – «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы» әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ғылым және жоғары білім академиясының академигі (IASHE, Ұлыбритания, Лондон), Ресей жаратылыстану академиясының академигі (РСФСР, Мәскеу).

2. Джумакова Умитжан Рахметулловна – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының докторы.

3. Резникова Екатерина Ильинична – ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы Өнер мұражайының ғылыми хатшысы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», өнертану ғылымдарының кандидаты.

4. Касимова Зульфия Маликовна – «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Музыкалық өнер факультетінің деканы, эстрадалық вокал кафедрасының аға оқытушы, өнертану ғылымдарының кандидаты.

5. Койлыбаева Марлена Тстемировна – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ музыкатану және композиция кафедрасының меңгерушісі, доцент, 6D040100 – музыкатану мамандығы бойынша (РhD) философия докторы.

6. Махмуд Диана Ерболатовна – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ішекті аспаптар кафедрасының доценті, 6D040200 – Аспапта орындаушылық мамандығы бойынша (РhD) философия докторы.