Menu HELPDESK

(PHD) ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Бекенова Айжан Сләмқызы қорғауы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының философия докторының (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 

6D040100 – Музыкатану; 

6D041100 – Композиция; 

6D042300 – Арт-менеджмент;

6D040500 – Дирижерлеу; 

6D040200 – Аспапта орындаушылық;

6D040400 – Традициялық музыкалық өнері мамандықтары, Диссертациялық кеңесі 6D040200 – Аспапта орындаушылық мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Альт репертуарындағы транскрипциялар: тарихы, теориясы және тәжіребесі» тақырыбында жазылған Бекенова Айжан Слямовнаның диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді.

Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Ішекті аспаптар» кафедрасында дайындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы – өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, «ҚР Мәдениет саласының үздігі».

2. Коларова Эмилия Крыстева – өнертану ғылымдарының кандидаты (PhD), «Профессор Панчо Владигеров атындағы Ұлттық музыка академиясы», теория, композиция және дирижерлеу факультетінің «Музыка тарихы және этномузыкология» кафедрасының профессоры (София, Болгария).

 

Ресми рецензенттер:

1. Андонов Владислав Николов – өнертану ғылымдарының докторы (hability), «Профессор Панчо Владигеров атындағы Ұлттық музыка академиясы» аспаптық орындау факультетінің «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті (София, Болгария);

2. Жумабекова Дана Жунусбековна – өнертану ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық өнер университетінің» РММ оркестрлік орындаушылық факультетінің «Скрипка» кафедрасының профессоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).

 

Диссертациялық қорғау С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (Алматы қ., Төле би көш., 92, Ректорат (ауд. 118), 2022 жылдың 30-ші наурызда, сағат 14:00 Құрманғазы атындағы ҚҰК, ресми You Tube парақшасында, тікелей эфирде өтеді.

Сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCkiaseppH_8qDaJOMr1XHRw

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелеріңінің құрамы:

 

1. Аязбекова Сабина Шариповна – «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы» әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ғылым және жоғары білім академиясының академигі (IASHE, Ұлыбритания, Лондон), Ресей жаратылыстану академиясының академигі (РСФСР, Мәскеу).

2. Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.

3. Кузеубай Аманкелды Узакбайулы – халық әні кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, (РhD) 6D041600 – өнертану мамандығы бойынша философия докторы.

4. Малдыбаева Раушан Сабиржановна – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.

5. Касимова Зульфия Маликовна – «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Музыкалық өнер факультетінің деканы, эстрадалық вокал кафедрасының оқытушы, өнертану ғылымдарының кандидаты.