Menu HELPDESK

(PHD) ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Оспанова Айгерим Маратовна қорғауы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының философия докторының (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 

6D040100 – Музыкатану, 

6D041100 – Композиция, 

6D042300 – Арт-менеджмент, 

6D040500 – Дирижерлеу, 

6D040200 – Аспапта орындаушылық, 

6D040400 – Традициялық музыкалық өнері мамандықтары, Диссертациялық кеңесі 6D040200 – Аспапта орындаушылық мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Дәстүрлі қазақ музыкасын айрықша арт-нарығы ретінде басқару: сараптама және даму болашағы» тақырыбында жазылған Оспанова Айгерим Маратовнаның диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді.

Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арт-менеджмент» кафедрасында дайындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:


1. Джуманиязова Раушан Кенесовна – өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ музыкатану және композиция кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан).

2. Киселева Ольга Игоревна – өнертану ғылымдарының докторы, Сорбонна университетінің Өнер және ғылым департаментінің басшысы, профессор (Париж, Франция).

   

Ресми рецензенттер:


1. Хетагури Леван Михайлович – өнертану ғылымдарының кандидаты, Грузия өнер ғылыми-зерттеу институтының директоры (Тбилиси, Грузия).

2. Малдыбаева Раушан Сабиржановна – өнертану ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық өнер университетінің» РММ музыкатану және композиция кафедрасының профессоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).


Диссертациялық қорғау С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (Алматы қ., Төле би көш., 92, Ректорат (ауд. 118), 2022 жылдың 30-ші наурызда, сағат 16:30 Құрманғазы атындағы ҚҰК, ресми You Tube парақшасында, тікелей эфирде өтеді.

Сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCkiaseppH_8qDaJOMr1XHRw

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелеріңінің құрамы:

 

1. Аязбекова Сабина Шариповна – «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы» әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ғылым және жоғары білім академиясының академигі (IASHE, Ұлыбритания, Лондон), Ресей жаратылыстану академиясының академигі (РСФСР, Мәскеу).

2. Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.

3. Кузеубай Аманкелды Узакбайулы – халық әні кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, (РhD) 6D041600 – өнертану мамандығы бойынша философия докторы.

4. Резникова Екатерина Ильинична – ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы Өнер мұражайының ғылыми хатшысы, өнертану ғылымдарының кандидаты.

5. Касимова Зульфия Маликовна – «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Музыкалық өнер факультетінің деканы, эстрадалық вокал кафедрасының оқытушы, өнертану ғылымдарының кандидаты.