Menu HELPDESK

Ақылбек Фируза Исаханқызы

 КІТАПХАНАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ





     БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:
   
 
     Тел.: +7 (727) 

     Е-mail: F.akilbek@conservatoire.edu.kz





1. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
01.02.2021 – (қазіргі уақытқа дейін) Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы»,

Лауазымы – Электронды ресурс бөлімінің жетекшісі.

01.09.2014 – 31.01.2021 Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы»,

Лауазымы – Электронды ресурстар бөлімінің кітпаханашысы: (интернет бойынша электрондық-ноталық базаларды іздеу, электрондық-ноталық туындыларды сипаттау, электрондық бейне көрмелерді құру, бейне жолсілтемелерді жасау, жобалар менеджері).

03.01.2007 – 01.09.2014 ГУ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы», Халықаралық және Концерттік бөлім, лауазымы – біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман (халықаралық байланыс бойынша маман): жоба менеджері (хат алмасу, шақырулар, визалар, билеттер, брон жасау), тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың және ғылыми-шығармашылық жұмыс жөніндегі проректордың көмекшісі (ағымдағы жұмысты үйлестіру). 

01.10.2005-01.05.2006 Нотариус Алматы қ., лауазымы – нотариус көмекшісі.


2. БІЛІМІ:
2004-2006 жж. –  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, факультет – Халықаралық байланыс, халықаралық құқық магистрі,  Алматы қ.;
1999-2003 жж. –  Қазақ гуманитарлық заң университеті, факультет – Халықаралық құқық, маман – юриспруденция, Алматы қ.;

1989-1999 жж. –  Орта мектеп – Б.Момышұлы атындағы №131 лицей, Алматы қ.;

1992-1997 жж. –  Ә.Қашаубаев атындағы №1 Алматы музыкалық мектебі, домбыра сыныбы, Алматы қ.


3. СЕРТИФИКАТТАР:

2021 ж. мамыр – Ғылыми-Ақпараттық орталық – Ғылыми кітапхана, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханаларының қауымдастығы, Алматы қ., "Жоғары білім беруді жаңғырту контексіндегі жоғары оқу орындары кітапханаларын трансформациялау" V Халықаралық конференциясы, тақырыбы: "Жаңа шындықтағы жоғары білім: академиялық кітапханалар үшін сын-қатерлер". 

2020 ж. желтоқсан –  Назарбаев университеті кітапханасы, Нұр-сұлтан қ., кітапханалық технологиялар мектебі кітапханашыларының біліктілігін арттыру бойынша жыл сайынғы іс-шара шеңберінде бағдарлама бойынша оқыту, "жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: басқару, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары" вебинары.

2016 ж. сәуір – UNESCO Алматы қаласының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша білім беру, "ЮНЕСКО медиа және ақпараттық сауаттылық негіздері" бағдарламасы бойынша оқыту.

2016 ж. сәуір – "Ай Пи Эр Медиа" ЖШҚ (IPRbooks электронды-кітапханалық жүйе), "білім беру саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар.

2014 ж. шілде – "Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ, "әйелдер көшбасшылығы мектебі" тренингі.

2012 ж. қыркүйек – 2013 ж. қараша – Алматы қ. Халықаралық бизнес академиясы, "Білім берудегі Менеджмент" бағдарламасы бойынша оқу, ұзақтығы 120 академиялық сағат.

Компьютерлік программаларды білу деңгейі: 

MS-Word, Excel, PowerPoint, Adobe Acrobat XI Pro, ABBYY FineReader, Windows Movie Maker, Adobe InDesign, FotoShowPRO, Video Converter, CorelDRAW, Corel PHOTO-PAIN. Сондай-ақ, Internet, заманауи кеңсе техникасының тәжірибелі қолданушысы.

_________________________________________________________________________________________________________________________________


Негізгі қызмет түрлері:

-    Кәсіби мәліметтер базасына, ақпараттық анықтамалықтарға, каталогтар мен картотекаларға және кітапханалық ақпараттандырудың басқа формалары арқылы іздеу жүйелеріне қолжетімділік туралы ақпараттар ұсыну.

-    Ақпараттар көздерін іздеу мен таңдауда кеңес беру.

-    Әдебиеттердің библиографиялық құралдарын, ұсыныстық жинақтарын және басқа да құжаттарды құрастыру.

-    Тақырыптық, фактографиялық және басқа библиографиялық анықтамаларды орындау.

-    Қорлардың құрамын ашатын және жарнамалайтын шараларды (ақпарат күндері, магистрант күндері және басқалар) ұйымдастыру және өткізу.

-    Ресурстарды жеткізушілермен жасалған лицензиялық шарттарға, пайдалану Ережелеріне, Консерваторияның нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби деректер қорларына, ақпараттық анықтамалық және іздеу жүйелеріне қолжетімділікті ұйымдастыру.

-    Ұлттық және халықаралық мәліметтер дерекқорындағы ақпараттық қорларды тіркеу, іздеу және пайдалану жөніндегі семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру.

-    Пайдаланушыларды ақпаратты іздеудің осы заманғы әдістеріне, оларды оқу үдерісінде, ғылыми жұмыста қолдануға, кітапхананың ақпараттық-библиографиялық аппаратында және ақпараттық ресурстарда бағдар ала білуге оқыту.

-    Электрондық кітапхананың жергілікті және онлайн режимінде жұмысын қамтамасыз ету, құжаттарды сандық жүйеге айналдыру және сканерленген құжатты библиографиялық жазбаға бекіту, кітапхананың web-беттері (сайтының) бөлімдерін қолдау және дамыту.

-    Өзінің жұмысын кафедралармен, факультеттермен, Консерваторияның өзге де құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіру.


Ереже 


Құжаттар