Menu HELPDESK

Сапа менеджменті секторы

Сапа менеджменті секторының басшысы — Сарымсақова Алмагүл Сессияқызы 

    


Сапа менеджменті секторы Консерватория құрылымында 2022 жылы құрылды.

Электрондық пошта: qmd@conservatoire.edu.kz

008 кабинет (Б корпусы)



Сектордың негізгі міндеттері:

·          Консерваторияда сапаны басқару жүйесін дайындау және енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, СМЖ тұтастығын қолдау;

·          Консерваторияның сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкестігін сырттай бағалау рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

·          Консерватория персоналын сапа менеджменті мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру;

·          Білім беру сапасы мен ішкі аудиторлық тексеруді, білім беру қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру және жүргізу;

·          Білім беру сапасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асыру үшін ЖОО әкімшілігін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау нәтижелері туралы хабардар ету;

·          Консерваторияны дамытудың стратегиялық жоспарының индикативтік көрсеткішінің орындалуын бақылау;

·          Сектор құрылымдылық бөлімшелер дайындаған барлық ішкі нормативтік құжаттарға нормалық бақылауын жүргізу;

·          Жетекшілік ететін проректордың келісімі бойынша Консерваторияның құрылымдық бөлімшелерінің жоспарлы және жоспардан тыс тексерулеріне/сауалнамаларына қатысу;

·          Консерваторияның іс-шаралар жоспарларын уақытылы жинауды жүзеге асыру және құрылымдық бөлімшелердің, факультеттердің, кафедралардың оқу жылына арналған даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;

·          Консерватория басшылығына сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы есептер беру.



ҚҰЖАТТАР

ЕРЕЖЕЛЕР