Menu

«Прима қобыз (альт қобыз)», «қыл қобыз», «баян, аккордеон»

 

Қазақстанның  халық артисі, професор Ф.Балғаеваның, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, профессор Хабидолла Тастановтың 90 жылдығына арналған, мамандандырылған музыкалық мектептер және музыкалық колледждер арасында өтетін  ІХ Республикалық кіші олимпияда

ЕРЕЖЕСІ

 

«Прима қобыз (альт қобыз)», «қыл қобыз», «баян, аккордеон» номинациясы бойынша

 

Өтетін уақыты: 17 сәуір 2017 жыл

 

Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Ұйымдастырушылар: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы», Халық музыкасы факультеті, Қобыз және баян кафедрасы.

Мақсат: Қазақстан Білім және ғылым минстрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын алға іске асыру, сонымен қатар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми зерттеу, ізденіс, техникалық – ақпарат құралдарымен жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау; Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу;

 

Қатысу шарттары:

2017 жылдың 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына ІХ Республикалық кіші Олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек

-Өтінім (Қосымша 1);

-жеке куәліктің көшірмесі.

 

Олимпиада талаптары:

·     қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;

·     бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;

·     Арнаулы орта музыкалық оқу орындарынан қатысушылар санына шектеу қойылмайды;

·     Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·     Тыңдау жариялық түрде өтеді. 

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындарға бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

 

«Қобыз прима (альт қобыз)» номинациясының бағдарламасы: 

1)   Х.Тастанов «Алтай аясында» (міндетті түрде)

2)   Шетел композиторларының шығармасы


«Қыл қобыз» номинациясының бағдарламасы: 

1)    Ә.Қазақбаев «Фатима сарыны» (міндетті түрде)

2)    Қорқыт «Қорқыт» (Д.Мықтыбаевтың нұсқасы бойынша) (міндетті түрде)

3)    Ықыластың бір күйі (қалауы бойынша)

4)    Қылқобызға лайықталған домбыраның бір күйі (қалауы бойынша)

 

«Баян, аккордеон» номинациясының бағдарламасы: 

1)   Қазақстан композиторларының шығармасы

2)   Күрделі формадағы шығарма

 

Олимпиадаға қатысушылар:

·     Республикадағы орта музыкалық оқу орындарының 3-4 курс студенттері;

·  Арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары;

Өткен жылғы Республикалық кіші олимпиаданың І дәрежелі сыйлық лауреаттарының қатысуға құқығы жоқ.

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2017 жылдың 25 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

Координатор: Рақымжан Асель Амалбекқызы +7 7023035570,

e-mail: ashkon_ra@mal.ru