Menu

«Халық әні, жыршылар»

М.Ешекеевтің 80 жылдығына арналған, мамандандырылған музыкалық мектептер және музыкалық колледждер арасында өтетін Республикалық кіші олимпияда

ЕРЕЖЕСІ        

 «Халық әні, жыршылар» номинациясы 

Өтетін уақыты: 3-5 сәуір 2017 жыл

Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 

Ұйымдастырушылар: «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ. Халық музыкасы факультеті, халық әні кафедрасы. 

Мақсат: Қазақстан Білім және ғылым минстрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын алға іске асыру, сонымен қатар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми зерттеу, ізденіс, техникалық – ақпарат құралдарымен жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау; Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу; Республикалық музыкалық орта оқу орындарының студенттері мен арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушылары арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

Қатысу шарттары:

2017 жылғы 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық кіші Олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек


- Өтінім (Қосымша 1);

- жеке куәліктің көшірмесі.

Олимпиада талаптары:

·    қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;

·    бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;

·    Республикалық музыкалық орта оқу орындары студенттері мен арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушылары арасында қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;

·    Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·    Тыңдау жариялық түрде өтеді.

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР- ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы

Орындаушылық конкурсы: бойынша жеке бағдарламаны орындау (20 минут).

 

«Халық әні»

1)   М.Ешекеевтің репертуарынан бір ән

2)   Халық композиторынан бір ән 

«Жыршылар» 

1)   Өзінің  жыршылық мектебінен  бір терме

2)   Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде 5 минут)

М.Ешекеевтің орындауындағы әндердің тізімі. 

  1.  

Халық әні

Аққұм

  1.  

Халық әні

Сұржекей

  1.  

Халық әні

Жиырма бес           

  1.  

Халық әні

Қарғам-ау               

  1.  

Біржан сал

Айтбай

  1.  

Біржан сал

Ләйлім шырақ       

  1.  

Жаяу Мұса

Хаулау                     

  1.  

Жаяу Мұса

Көкаршын    

  1.  

 Ақан сері

Құлагер

  1.  

Ақан сері

Майда қоңыр         

  1.  

Ақан сері

Әудем жер               

  1.  

Абай

Көзімнің қарасы   

  1.  

Абай

Сегіз аяқ                 

  1.  

Әсет

Інжу-Маржан         

  1.  

Балуан Шолақ

Ғалия   

  1.  

Ғазиз

Ғазиздің әні            

  1.  

Естай

Жай қоңыр             

  1.  

Мәди

Қарқаралы      

  1.  

Сәтмағамбет   (Сәтжан сал)

Қанатталды    

  1.  

Үлебайдың әні (М.Жагорқызы)

Дудар-ай                  

  1.  

К.Әзірбаев

Бозторғай 

  1.  

М.Ержанов

Паравоз   

  1.  

Р.Елебаев

Жас қазақ               

  1.  

Ә.Еспаев

Өзгеге көңілім тоярсың       

  1.  

С.Кәрімбаев

Ақ ерке                 

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2017 жылдың 25 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады

Координатор: Қарабалина Эльза Жеңісқызы +7 701 362 30 35,

e-mail: elza.8181@mail.ru