Menu HELPDESK

Атақтылар лебізі

НАТАЛИЯ ТРУЛЛЬ
НАТАЛИЯ ТРУЛЛЬ Ресейдің еңбек сіңірген артисі
Ыстық ықыластарыңыз бен шығармашылық атмосфераларыңыз үшін рахмет сіздерге.

Студенттеріңіз ғажап, көздеріндегі шынайы қызығушылықтарын көріп разы болдым. Осы нәрсені өшіріп алмау керек.

Бақыт, сәттілік тілеймін.

Шын қуанышты сәттеріңіз көп болсын!

Құрметпен, Наталья Трулль
Профессор Московской Государственной Консерватории, Заслуженная артистка России
ТОЛИБХОН ШАХИДИ
ТОЛИБХОН ШАХИДИ Тәжікстан халық артисі
Еуразияның Қазақ консерваториясына, БРАВО!!!

Әсіре айтқаным болмасын, сіздер жасап жатқан дүние - ҒАЖАП!!!

21.05.2006

Таджикский композитор, народный артист Таджикистана, Лауреат премии Рудаки. Сын известного таджикского композитора Зиёдулло Шахиди — основоположника современной классической музыки в Таджикистане.
ФИЛИППА МО
ФИЛИППА МО ЛСО концертмейстері
Алматыда осындай тамаша әрі ерекше апталық өткізуге мүмкіндік беріп, шақыртқандарыңыз үшін көп рахмет. Жасырмаймын, жұмыс күндеріміз жеңіл болған жоқ. Бірақ біз барлығымыз оның нәтижелерін толықтай саралай алдық.

Бізді зор қуанышпен қарсы алды, біз симфония оркестранттарымен шығармашылық кездесулерден ләззат алдық. Қазақтың ұлттық аспаптарымен танысып, оның үндерін естуге мүмкіндік жасағандарыңызға арнайы рахмет айтамын, себебі ұлттық аспаптарыңызда орындалған шығармалар мені ерекше әсерге бөледі.

Филлипа МО
Лондон симфониялық оркестрінің концертмейстері
СТАНИСЛАВ ИГОЛИНСКИЙ
СТАНИСЛАВ ИГОЛИНСКИЙ Ресейдің еңбек сіңірген артисі
Сіздермен қарым-қатынасымыз маған қуаныш сыйлады. Өмірде бақыт, шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін!
БЕНЬЯМИН ЮСУПОВ
БЕНЬЯМИН ЮСУПОВ композитор, пианист, дирижер
Мен Душанбеде туылдым, Орта Азия мен үшін әрдайым туған мекенім болып қала береді. Қазақстан, әсіресе Алматы консерваториясы мен үшін екінші отанымдай болып кетті.

Сіздердің музыканы осыншалықты сүйетіндеріңізге, өнерді жоғары бағалайтындарыңызға тамсанамын.

Уақыт өте келе осында болғанымды мақтан тұтатын боламын деп үміттенемін.

Жания Яхияқызы мен Ақтоты Рахметоллақызына осы фестивальді ұйымдастырудағы қажырлы еңбектері үшін үлкен алғыс білдіремін.

25.06.2007

Израиль композиторы, пианист және дирижер
АЛЕКСАНДР ТРОСТЯНСКИЙ
АЛЕКСАНДР ТРОСТЯНСКИЙ Ресейдің еңбек сіңірген артисі
Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеп, ерекше қонақжайлылықтарыңыз үшін ыстық ықыласпен үлкен рахмет айтамын.

Сіздермен бірге болу маған әрқашан қуаныш сыйлайды.

Сіздің,  Александр Тростянский
2003 ж.

Ресейдің еңбек сіңірген артисі. Италия, Австрия, Канада елдеріндегі Халықаралық байқаулардың және П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқаудың лауреаты. Мәскеу консерваториясының профессоры.
АЛЕКСАНДР АКИМОВ
АЛЕКСАНДР АКИМОВ Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген артисі
Консерваторияның "Алтын кітабынан" жазба:

Тамаша консерваторияларыңыздың студенттеріне шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілеймін!