info@conservatoire.kz

Атақтылар лебізі

ВАЛЕРИЙ ГЕРГИЕВ
ВАЛЕРИЙ ГЕРГИЕВ Ресей халық артисі
Тағы да кездесуге асықпын! Рахмет!
02.05.2011 ж.

Валерий Абисалович Гергиев — советтік және ресейлік дирижёр. Мариин театрының көркемдік жетекшісі (1988 жылдан),  Лондон симфониялық оркестрінің бас дирижері.

Ресей халық артисі (1996). Ресей Федерациясының Еңбек Ері (2013). Ресей мемлекеттік сыйлығының 4 дүркін лауреаты (1993, 1994, 1998, 2001).
ДАВИД ГЕРИНГАС
ДАВИД ГЕРИНГАС виолончелист, дирижер
Музыкаға деген махаббатқа толы шығармашылық атмосфера үстемдік құрған сіздердің консерваторияларыңызға келу мен үшін бір ғанибет.

Басшылықтарыңыздың ықыласы мен дарынды жастарыңыздың ерекше ынтасы маған қатты әсер береді.

Ерекше ықыласпен, Давид Герингас!
10.12.2013 ж.

Литвалық виолончелист және дирижер.

1963-1973 жылдары Мәскеу консерваториясында М. Ростроповичтен виолончель класын бойынша дәріс алған. 1970-жылы П.И. Чайковский атындағы халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алған..
МИХАИЛ ВОСКРЕСЕНСКИЙ
МИХАИЛ ВОСКРЕСЕНСКИЙ Ресей халық артисі
Алматы консерваториясындағы достарыма тілерім, музыканы шын сүйіңіздер, өмір бойы сүйіп өтіңіздер, себебі ол өміріңізде сізге зор көмекші болады.
Ресей халық артисі, пианист,  Мәскеу консерваториясының профессоры.

М. С. Воскресенский - Халықаралық Скрябин қауымдастығының президенті. Оның атақты шәкірттері — профессор Е. И. Кузнецова, пианисттер: А. Гиндин, С. Иголинский, Я. Касман, С. Кудряков, О. Маршев, А. Струков, А. Тебенихин, Ю. Фаворин, С. Белоглазов, И. Красильников, Mūza Rubackytė және басқалар.
ВАЖА ЧАЧАВА
ВАЖА ЧАЧАВА Грузин КСР халық артисі
Алматыға тағы да келгеніме өте қуаныштымын.

Бұл қаламен мені байланыстыратын көп естеліктерім бар, Глинка байқауы, Л.В.Образцова, Л.Ю. Казарновская концерттері, Т.Ержанов, В.Башкиров, Е.Хегай сынды менің Алматылық студенттерімнің мемлекеттік емтихандары.

Өте қызық, адамдары мейірімді әрі тартымды қала.

Барлықтарыңызға көп жақсылықтар және бақыт тілеймін!

Махаббатпен, Важа Чачава!
05.05.2007ж.

Грузин және ресей пианисті, музыка педагогы, аса дарынды концертмейстер.

Грузин КСР халық артисі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері.
ТАМАРА НОВИЧЕНКО
ТАМАРА НОВИЧЕНКО РФ еңбек сіңірген артисі
2004 жылы 6-11 қыркүйекте өткен шеберлік-сыныптарында үлкен құлшыныспен жұмыс жасадық.

Сондай керемет күндерді өткізуге мүмкіндік жасап шақыртқандарыңыз үшін рахмет! Дауыстарыңыз тамаша, студенттердің білімге, вокал өнеріндегі жаңалыққа құмарлығы зор екен!

Сіздермен қарым-қатынас жасау үлкен қуаныш сыйлап, ішкі дүниеңді байытады. Осындай шығармашылық қатынасымыз арқылы біздің қалаларымыздың  достық, рухани байланысы нығаяды. Біз Қазақстанды жақсы көреміз, сіздермен мейлінше жиі кездесіп тұруға ынтықпыз, екі елдің мәдени ықпалдастығы арта берсін. Консерваторияларыңыз өркендей берсін, дарынды жастарыңыз көп болып, биіктерге самғай берсін!

Менімен араласқан кісілердің барлығына сәттілік тілеп, бір-бірімізді рухани байытар кездесулеріміз көп болсын демекпін!

Махаббатпен, Новиченко Тамара Дмитриевна
РФ еңбек сіңірген артисі, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясының профессоры
РИНАТ ИБРАГИМОВ
РИНАТ ИБРАГИМОВ ЛСО концертмейстері
Осындай жоғары дәрежеде орындайтын студенттік оркестрді көріп, тыңдау мен үшін таңырқарлық жағдай болды. Осы бағыттарыңыздан танбаңыздар!
Халықаралық ареналарда жеңістерге жетіп, биіктерден көріне беріңіздер, шығармашылық табыстар тілеймін!

Ыстық ықыластарыңыз үшін алғысым зор!

Әлі талай кездесеміз деп үміттенемін!

Ізгі ниетпен, Ринат Ибрагимов
Лондон Симфониялық Оркестрінің солисті
ЭЛЬФИЯ БУРНАШОВА
ЭЛЬФИЯ БУРНАШОВА Ресей және Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Консерваторияда және Қазақстанның басқа да музыкалық мекемелерінде жұмыс жасап жүрген өздеріңіздей тамаша, дарынды жандармен дидарластырғаны үшін тағдырыма ризамын. Шынайылылық пен жаңаны тануға деген құштарлық Қазақстанның әрбір азаматына тән қасиет пе деймін. Ректор Жания Аубакирова мен оның көмекшілерінің ұйымдастырушылық қабілеттері тәнті етті. Менің де сіздерге кішкене де болса пайдам тиген шығар деп үміттенемін. Тағы да кездесу сәтін асыға күтетін боламын!

Профессор, заведующая  кафедрой специального фортепиано Казанской государственной Консерватории им. Н.Г. Жиганов атындағы Қазан консерваториясы "Арнайы фортепиано" кафедрасының меңгерушісі,  Ресей және Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері

27.06.2007
ДИНА КИРНАРСКАЯ
ДИНА КИРНАРСКАЯ Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры
Зор ризашылығым мен махаббатымды білдіре отырып, консерваторияларыңыздың жаңа биіктерге ұмтылуына тілектеспін. Бақыт, сәттілік және сарқылмас қуат тілеймін!

Зор ілтипатпен, Дина Кирнарская (Гнесиндер атындағы Ресей музыка акдемиясының профессоры)

12.06.2006