Menu HELPDESK

Музыкалық білім беру және психология кафедрасы

Кафедра МОиП 04.10.20 вторая.jpg


Кафедра тарихы


Музыкалық білім және педагогика кафедрасы 2007 жылы Ж.Я. Аубакированың бастамасымен құрылды. Алғашында ол оқу орнының тәжірибелік жобаларын түзету орталығы ретінде жұмыс атқарды. Кафедра өнер, мәдениет пен білім саласына жаңа жүйелік өзгерістер енгізу үшін жұмыс істеп келеді. Кафедраның алғашқы құрамы музыка- педагогикалық пәндердің сапасын аттырып, жоғары квалификацияланған маман дайындау үшін еңбек етті. Және консерваторияның оқу үрдісіне инновациялық жаңалықтар енгізді (Калиакбарова Л.Т., Верткова Л.А., Рауандина Ш.З., Федянин А.А., Жусупова С.С., Станевич Н.Н., Шабденова Д.Р., Юсупова А.А., Завацкая Г.А., Кокыбасова Ш.И., Муспирова Ж.Т. және т.б.).

Профессорлық- оқытушылық құрам алғашқылардың бірі болып 2010 жылы оқу үрдісіне электронды музыкалық оқулықтарды енгізді. Қазақстанда ондай аналог бұрын-соңды болмаған еді.

Қазіргі күні Музыкалық білім және педагогика кафедрасының оқытушылары ғылыми және шығармашылық белестерді бағындарған қызметкерлер саналады: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Ең үздік оқытушы» номинациясында 2006 мен 2012 жылдары ұйымдастырылған конкурстарда жүлделі болды; Халықаралық педагогикалық білім ғылымдары академиясы құрамына енді (Ресей), Мемлекеттік наградалармен марапатталды, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» және «ҚР Консититуциясының 20 жылдығына» арналған Президенттің медальдарына ие болды. Ал 2013 пен 2015 жылдары музыка саласындағы жетістіктері үшін алтын медальдармен және Еуроодақ сапа дипломдарымен наградталды. А.Байтұрсынов атындағы күміс медалін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін» медальдарын иеленді. Қазақстан Республикасының ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін оқытушылар «Ученые Казахстана » интернет- энцеклопедиясына және "Жизнь в науке" мен"Ученые Казахстана" энцеклопедияларына енгізілді. Өнер, педагогика, психология саласында кандидаттық, магистрлік диссертациялар (Усенбаев Е.Т., Есдаулетова К.А., Юсупова А.А., Мусапирова Ж.Т., Илдырымлы Б.Г., Завацкая Г.А.) қорғады .  ҚР мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебі жанынан МВА Іскерлік әкімшілік  (Калиакбарова Л.Т., Юсупова А.А.), докторлық диссертация қорғалып, PhD доктор дәрежесіне ие болды (Калдаякова А.А., ғылыми жетекші проф. Калиакбарова Л.Т.). Халықаралық және республикалық сайыстарда жүлделі орындар (Есдаулетова К.А., Илдырымлы Б.Г., Калиакбарова Л.Т., Калдаякова А.А., Мусапирова Ж.Т.), халықаралық, республикалық олимпиадаларға лауреаттар мен дипломанттар дайындау, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына әзірлеу (Шабденова Д.Р., Байжуманова Ж.И., Юсупова А.А.,Калиакбарова Л.Т., Жусупова С.С., Есдаулетова К.А). Аталғандардың барлығы музыкалық білім және педагогика кафедрасының болашағы жарқын екенінің дәлелі.

Музыкалық білімді жетілдіре түсу үшін кафедра республикалық және халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге бастама көтеріп отыр. Нақты айтатын болсақ: Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетімен және «Бөбек» ұлттық ғылыми- оқыту және сауықтыру орталығымен  бірігіп (Ресей, Мәскеу),  «ХХ ғасырдағы музыка ұстазы» Д.Б. Кабалевский атындағы VII Халықаралық конкурс. Әзірбайжан мемлекеттік өнер және мәдениет университетімен (Баку, 2017 жыл), Пекин консерваториясымен (Қытай) және Құрманғазы атындағы ҚҰК (2015 жыл) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оқытушылар мен студенттерді академиялық мобильділікпен шетелге жіберіп тұру. Құрманғазы атындағы ҚҰК мен ӘМӨМИ (Баку) арасында академиялық мобильділікті дамыту үшін музыкалық білім оқу жоспарын құрды; ҚР алдағы жылдарда «Музыкалық білім» мамандығын дамыту авторлық концепциясын таныстырды (Түркістан 2017, РУМС).

Кафедраны профессорлық- оқытушылық құрамы Қазақстанның білім және ғылым  интегрциясының дамуына зор үлестерін қосып жүр. Бұған дәлел республикалық ғылыми конкурстар, кітаптар, монографиялар, сертификаттар, басылымдар, оқу пособиялары, Қазақстанда және елімізден тыс ұйымдастырылып жүрген ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.

Қазіргі күнге дейін ПОҚ 150 ғылыми мақала басып шығарды. Нақты айтатын болсақ, нөлдік импакт-факторлы журналдар мен ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда. Бірнеше жылдар бойы кафедра ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, әртүрлі дәрежедегі жобалар ұйымдастырып келеді. Мәселен, «Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті» симпозиум (2009), М.Төлебаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми- практикалық конференция, «Музыкальное образование XXI-го века: реалии и перспективы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы т.б.

2012 жылы кафедра «Өнер шебері» атты инновациялық жобаны жасап шығарды. Білім үрдісін басқарудың халықаралық Оpenspase (ашық кеңістік) технологиясы енгізілді. Білім және ғылым министрлігінің «Оқу орнының үздік оқытушысы» атағына іліну үшін міндетті саналатын интерактивті сабақтар өткізу форматы қолға алынды. Кәсіби практика өткізудің жаңа, тың әдістері ойлап табылуда. Осының арқасында білім алушылар жоғарғы курстарда оқып жүрген кездерінде-ақ  жалпы білім беретін мектептерде музыка пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналаса алады.  Соңғы жылдарда музыкалық білім және педагогика кафедрасының басшылығымен өндірістік практика кезінде (жетекшілер: Шабденова Д.Р., Акимбаева Д.А., Завацкая Г.А.) тақырыптық концерттер, жобалар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды (Осенний листопад, Заманауи  музыка және джаз,  Наурыз-Думан, Ең үздік - Жұп сайысы, Студенттер-балаларға). Ал «Кошкин дом»  мен «Золушка» музыкалық опералары үлкен жетістікке жетті.

2017/2018 оқу жылы ЖОО-ның құрылымының өзгеруіне байланысты музыкалық білім және педагогика кафедрасына «Музыкалық білімдегі психология мен педагогика» атты секция қосылған болатын. Профессор педагогика ғылымдарының кандидаты Шакеримова З.Ш. жетекшілік еткен еді. 

          

Оқытушылар құрамы:

Калдаякова Айсулу Абылкасымовна – кафедра меңгерушісі, аға оқытушы, PhD
Қалиақбарова Ләйлә Төкенқызы  – профессор, п.ғ. кандидаты, PhD
Есдаулетова Камила Абдуалиевна  – аға оқытушы
Байжұманова Жұмабике Иргибаевна – аға оқытушы
Қожамжарова Күләш – п.ғ.м., аға оқытушы
Кузикеев Ренат Квайдолович – оқытушы, өнертану ғылымының магистрі
Саманова Динара Бейсаганова – п.ғ.м., оқытушы
Усенбаев Ербол Тунгышевич – аға оқытушы, доцент
Шабденова Дария Рахималиевна – п.ғ.м.,аға оқытушы