Menu
info@conservatoire.kz

Консерватория жаңалықтары

Консерватория ректоры халық алдында есеп беру кездесуін өткізді
Консерватория ректоры халық алдында есеп беру кездесуін өткізді
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес бүгін консерваториямыздың 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.
Шараға Алматыдағы бірнеше Ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары, консерватория ұстаздары мен студенттері, ата-аналар қатысты. Офлайн және онлайн форматта өткен кездесу білім ордасының YouTube арнасында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Ректор өз есебінде консерваторияның 2020-2021 оқу жылында білім беру және күрделі жөндеу жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық, студенттердің жетістіктері, атқарылған жұмыстар мен оқу ордамыздың алдағы даму жоспары жайында жан-жақты баяндады.
Консерваторияның ұйымдастыруымен ірі халықаралық ғылыми-конференциялар өткізілді. Атап айтқанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың рухани мұрасы және қазіргі өнертанудың өзекті мәселелері», 2021 жылдың 21 сәуірінде өткен Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «XX ғасыр дәстүрлі мәдениетінің мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және т.б. бар.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту – бұл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы дамуының тағы бір басым бағыты. Айта кетейік, 2021 жылғы наурызда Консерватория делегациясы Румынияға барып, Бухарест қаласындағы ұлттық музыка университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы білім ордасының басшылығы ұзақ келіссөздерден кейін «ГИТИС – Ресей театр өнері институтымен» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, құжатта көрсетілгендей консерваторияда «Музыкалық театр режиссурасы» атты жаңа білім беру бағдарламасын ашу, сондай-ақ магистратура деңгейінде қос дипломды білім беру бағдарламасын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтылды.

-2020 жылы А корпусы мен Үлкен концерт залға күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір Б оқу корпусында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуы тиіс, - деп ректор қазіргі уақытта жөндеу жағдайын көрсету мақсатында жөндеуге «дейін» және «жөндеуден кейінгі» презентацияны назарға ұсынды.

Бір сағатқа созылған есеп беру жиынында көпшілік тарапынан түскен сауалдарға да жауап берілді. Ректорға қойылған сұрақтардың басым бөлігі жатақхана, оқу үдерісі және шет елдердегі конкурстарға қатысу туралы болды. Ректор кездесуін желідегі тікелей эфирден көрген алматылықтар консерватория концерттерін сағынғандарын білдіріп, өз пікірлерін жазып жатты.
27 қыркүйек 2021
Консерваторияда «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының VII симпозиумы өтеді
Консерваторияда «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының VII симпозиумы өтеді
2021 жылдың 4-7 қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ЮНЕСКО жанындағы дәстүрлі музыка бойынша Халықаралық кеңесінің «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының «Дәстүрлі музыканы сақтау, біріктіру және жаңарту: теория әрі тәжірибе» атты VII симпозиумы өтеді.
23 қыркүйек 2021
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында онлайн лекция өтпек
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында онлайн лекция өтпек
Лектор: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Жекебаева Мақпал Әбілқызы
21 қыркүйек 2021
Консерватория докторанты Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты
Консерватория докторанты Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты
II оқу жылының докторанты Әсел Имае (арт-менеджмент) 16 қыркүйекте AlmaU университетінің Qaynar bulak алаңында офлайн және онлайн өткен Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты.
21 қыркүйек 2021
Консерватория студенті әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды
Консерватория студенті әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Оркестрлік дирижерлеу» мамандығының 2 курс студенті Сәтқозы Мұхтар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды.
Қазақстан бойынша 850 студенттің арасынан 46 студентке ғана бұйырған айтулы стипендия жыл сайын ең үздік студенттерге берілетін беделді сыйлық болып табылады. Студентіміз аталмыш стипендияға ие болған алғашқы музыкант болып отыр.
16 қыркүйек 2021
Консерваторияда Президент Жолдауы талқыланды
Консерваторияда Президент Жолдауы талқыланды
2021 жылғы 2 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік өкілдері мен білім алушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.  
2 қыркүйек 2021
Консерватория студенті айтулы халықаралық байқауда дипломант атанды
Консерватория студенті айтулы халықаралық байқауда дипломант атанды
Құрманғазы атындағы ҚҰК "Вокалдық өнер" кафедрасының 4-курс студенті (ұстазы Г.А. Нұрғалиева) МАДИНА ОРАЗБАЙ 14-21 тамыз аралығында Санкт-Петербург қаласында мемлекеттік академиялық капеллада өткен Елена Образцованың XIII Халықаралық жас опера әншілері байқауының финалисті және дипломанты құрметіне ие болды. 170 қатысушы арасында Мадина өз елін абыроймен көрсетіп, байқаудың 15 финалистерінің қатарына енді.
Байқау 3 тур бойынша өтті. 1-ші және 2-ші тур фортепианоның сүйемелдеуімен, ал 3-ші тур Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Жас әншінің талантын халықаралық қазылар алқасы бағалады, атап айтқанда Джулия Лагаузер (Франция) - "Opera for Piece" халықаралық жобасының менеджері, жетекшісі;
Алессандро Ариози (Италия) – "Ariosi Management" арт-агенттігінің басшысы;
Ольга Бородина (Ресей) – опера әншісі, Мариин театрының солисі, Ресейдің Халық әртісі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, А. И. Герцен атындағы РМПУ профессоры;
Маквала Касрашвили (Ресей) - опера әншісі, КСРО Халық әртісі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, П. И. Чайковский атындағы ММК профессоры, Ресейдің Үлкен театрының бас дирижері және музыкалық жетекшісінің көмекшісі;
Марина Мещерякова (Ресей, Австрия) - опера әншісі, педагог, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі;
Лариса Гергиева (Ресей) - Ресейдің Халық әртісі, Мариин театрының жас опера әншілері академиясының көркемдік жетекшісі;
Сергей Лейферкус (Ресей, Ұлыбритания) - опера әншісі, педагог;
Тэдди Герстел (Швейцария) - Опера менеджері, Gerstel International Opera Management агенттігінің басшысы.
Сондай-ақ, Мадинаның финалдық турда көрсеткен орындаушылық шеберлігі мен әртістігі туралы бірнеше мақалаларда жазылды. Оның М. Глинканың "Руслан мен Людмила" операсындағы Людмила Каватинаны асқан шеберлікпен орындағанын ерекше атап өтті.
2 қыркүйек 2021
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қымбатты достар!  2021 жылдың 1 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының факультет декандары, кафедра меңгерушілері және куратор-эдвайзерлерінің қатысуымен 1 курс студенттерімен онлайн және офлайн форматта кездесулер өтті. Кездесу барысында консерватория ұстаздары студенттерді 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтап, консерваторияның екі корпусында өтіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты аралас оқу үлгісінің мән-жайын, биылғы оқыту форматын түсіндірді.
Студенттерге оқу жұмыстарына және кредиттік технологияға қатысты толық ақпарат беріліп, консерваторияның сайты, академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспары мен басқа да қосымша ақпараттар берілді.
Бірінші курс студенттері «Платонус» автоматтандырылған ақпарат жүйесімен жұмыс істеу әдістерімен танысты. Нақтырақ айтсақ:
-    Оқытушылардың пәндеріне тіркелу;
-    Тапсырмаларды алу және орындалған жұмыстарды жүктеу әдістері;
-    Жеке жоспарларын жасау;
-    Академиялық үлгерімінен ақпарат алу және т.б.;
Сонымен қатар, семестраралық бақылаудың және қысқы-жазғы емтихандардың өту үлгісі мен бағалануы, кәсібилікті арттыруға және академиялық ұтқырлықтан өту мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар да берілді. Оқу барысындағы тәртіп, жатақханада тұру ережелері, кітапхана қорымен дұрыс жұмыс істеу және консерваторияның негізгі құрылымдық бөлімдері жайына сөз қозғалды.
Сондай-ақ, студенттер де өз тараптарынан сұрақтар қойып, топтық сабақтардың өту үлгісі, халық аспаптары оркестрінің, симфониялық оркестрдің және үрмелі оркестр сабақтарының өту үлгісіне қатысты сауалдарына жауап алды.
2 қыркүйек 2021