Menu

Дәстүрлі музыкалық өнер

6 апреля
:
Залы консерватории

 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілетін

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

X Республикалық студенттік кіші олимпиадасының

 

ЕРЕЖЕСІ 

 «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша

 

Өткізілу күні: 2018 жыл 6-7 сәуір

Өткізілетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыка факультеті

Кіші Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

·     Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жастарды анықтау;

·     Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімігзе тарту;

·     Республика арнаулы музыкалық орта оқу орындары оқушылары арасында достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. 


Ұйымдастырушы: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

2018 жылдың сәуір айының 6-7 аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорыжәне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы біріге отырып музыкалық жоғары оқу орындары арасында Республикалық Студенттік Олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр. Олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына, Ықылас Дүкенұлының 175 жылдығына, Төлеген Момбековтың 100 жылдығына, сонымен қатар А.Жұбанов, Ф.Балғаева, Х.Тастанов, Қ.Мұхитов, Б.Сарыбаев, К.Күмісбеков, М.Қойшыбаев, М.Әубәкіров, Т.Мерғалиев, М.Қалауов, С.Балмағамбетов, Қ.Ахмедияров, Ж.Кәрменов, Ж.Сәрсенғалиев және т.б. белгілі орындаушылар мен ұстаздар ұлағатын өскелен таланттарға жеткізу.Осы олимпиада аясында республикамыздың музыкалық орта оқу орындарының 3-4 курс студенттері мен арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің 10-12 сынып оқушылары арасында Кіші Олимпиаданы өткізу қарастырылған. 

Кіші Олимпиада талаптары:

·     Қатысушылардың жолақысы, жататын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;

·     Халықаралық, республикалық сайыстардың жеңімпаздары (Бас жүлде) қатыса алмайды;

·     Бұрын өткен Кіші Олимпиада лауреаттары (1,2,3 орындар) қатыса алмайды;

·     Әр оқу орнынан әр номинация бойынша 2 оқушы қатыса алады;

·     Қыл-қобыз, баян-аккордеон, фольклорлық аспаптар номинациялары бойынша қатысушылардың саны шектелмейді

·     Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·     Тыңдау жариялық түрде өтеді.

Кіші Олимпиада қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері және Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультетінің ұстаздарынан, орта музыкалық оқу орындары әдіскер ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Кіші Олимпиада аясында «Шеберлік кластар», тәжірибе алмасу, дөңгелек үстел, студенттер мен ұстаздардың концерттері өтеді.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейнежазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

Олимпиадаға қатысу үшін  2018 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына төмендегідей құжаттар өткізу керек:

·     Байқауға қатысу үшін өтініш қағаз;

·     Жеке куәліктің көшірмесі.ё

ӨТІНІМ

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2018 жылдың 15 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

«Домбыра», «Үш ішекті аспаптар, «Фольклорлық аспаптар» номинациялары бойынша

Жұмағалиева Алтынай Мұхамбетқызы

Ұялы тел.: 8 701 055 65 65, e-mail: аltyn_ai1983@mail.ru

«Кобыз-прима», «Қыл қобыз», «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша

Джунусова Балжан

Ұялы тел.: 8 701 887 76 55, e-mail: junusova_b@mail.ru

«Халық әні, жыршылар» номинациясы бойынша

Қарабалина Эльза Жеңісқызы

Ұялы тел.: 8 701 362 30 35, e-mail: elza.8181@mail.ru  

 

КІШІ ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 «ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ

1.   М.Әубәкіров «Фантазия»

2.   Билет бойынша қазіргі заман композиторларының күйлері:

а) М.Қойшыбаев «Жастар»;

ә) К.Күмісбеков «Арман»;

б) Т.Мерғалиев «Шаттық күйі»;

в) С.Балмағамбетов «Жасай бер өмір, жасай бер»;

г) М.Қалауов «Қоспан Ата»;

ғ) Қ.Ахмедияров «Бақыт толғау».

3.   А.Жұбанов «Би күйі»

4.   Сүгір «Қаратау шертпесі»

5.   Құрманғазы «Байжұма»


«ДОМБЫРА ПРИМА» НОМИНАЦИЯСЫ

1.   Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ-ші бөлімдері, соната екі бөлімнен кем емес, ал сюита үш бөлімнен кем болмау керек, рапсодия, т.с.с)

2.   А.Жайымов «Дамылсыз қозғалыс»

3.   А.Цыганковтың шеберлік көрсететін бір шығармасы

 

«ШЕРТЕР» НОМИНАЦИЯСЫ

1.   Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ-ші бөлімдері, соната екі бөлімнен кем емес, ал сюита үш бөлімнен кем болмау керек, рапсодия, т.с.с)

2.   А.Жайымов «Концерттік пьеса»

3.   Шеберлік көрсететін бір шығарма

 

«БАС-ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ

1.   Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ-ші бөлімдері, соната екі бөлімнен кем емес, ал сюита үш бөлімнен кем болмау керек, рапсодия, т.с.с)

2.   А.Жайымов «Әуен»

3.   Шеберлік көрсететін бір шығарма

 

 «ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР» НОМИНАЦИЯСЫ

1.   А.Жұбанов «Қарлығаш»

2.   ХалықнемесеҚазақстанкомпозиторларыныңбіркүйі

3.   Қалауы бойынша фортепиано немесе халық аспаптарының сүйемелдеуімен бір шығарма

 

«ҚОБЫЗ-ПРИМА» номинациясы

1.   М.Қойшыбаев «Өмір гүлі» немесе М.Әубәкіров «Қарақат»

2.   Күрделі шығарма

 

«ҚЫЛ ҚОБЫЗ» номинациясы

1.   К.Күмісбеков «Поэма» немесе Ә.Қазақбаев «Фатима сарыны»

2.   Ықылас «Шыңырау» Д.Мықтыбаевтың нұсқасы

3.   Қазіргі заман композиторларының бір күйі (қалауы бойынша)

 

«БАЯН, АККОРДЕОН» номинациясы

1.   Қазақстан композиторларының бір шығармасы немесе баянға арнайы өңделген қазақ халық композиторларының бір күйі

2.   Күрделі шығарма

«ХАЛЫҚ ӘНІ»

1.   Ақан сері Қорамсаұлының бір әні (төмендегі тізімде көрсетілген әндерден өз таңдауы бойынша орындалуы керек)

2.   Халық композиторларының бір әні

3.   Өз қалауы бойынша бір ән

«ЖЫРШЫЛАР»

1.   Өзінің жыршылық мектебінен бір терме

2.   Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде, 5 минут)

3.   Өз қалауы бойынша бір терме-толғау

   

Ақан сері Қорамсаұлы әндерінің тізімі:

1.      Ақтоқты

2.      Ақтоқтының аужары

3.      Ақтоқтының зары

4.      Алтыбасар

5.      Әудемжер

6.      Балқадиша

7.      Жамал қыз

8.      Жастық

9.      Жылқылы бай

10.   Көкжендет

11.   Көкалатай

12.   Көк көбелек

13.   Қараторғай

14.   Құлагер

15.   Ләйлім

16.   Мақпал

17.   Маңмаңгер

18.   Майда қоңыр

19.   Нәзік гүл

20.   Райхан гүл

21.   Сырымбет

22.   Торыны таң асырып мінген қандай

23.   Шырмауық

24.   Іңкәр-ай

 

вернуться к списку концертов