Menu HELPDESK

Үрмелі аспаптар оркестрі

Үрмелі оркестрдің өмірі оны әр түрлі уақытта басқарған  көрнекті музыканттармен тығыз байланысты. Олардың арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Ахметов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері , профессор Александр Федянин, ол ұжымның тарихына ұмытылмас үлестерін қосты . Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы КНК-ның үрмелі аспаптар оркестрін үрмелі  және ұрмалы  аспаптар бөлімінің аға оқытушысы ҚР Мәдениет Қайраткері Мұрат Бисенғалиев басқарады. М.Қ . Бисенғалиев жетекшілігімен оркестр консерваторияның барлық іс-шараларына, қалалық фестивальдерге, мерекелік концерттерге қатысады, сондай-ақ еліміздің көптеген қалаларында өнер көрсетеді. Оркестрдің репертуарында Әділ Бестібаев, Тілес Қажығалиев, Еркеғали Рахмадиев секілді қазақ композиторларының шығармалары,  сонымен қатар танымал әлемдік классика , джаз композициялары, би опустары және латын американдық хиттар бар.


Духовой оркестр 1.jpg