Menu HELPDESK

Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауын өткізу шарттары

Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы 2019 жылдың 14 мен 24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында өтеді. Байқауға 1987 жылдың 1 қазаны мен 2000 жылдың 1 қазаны аралығында дүниеге келген әншілер қатыса алады.

Байқау сынақтары іріктеу және ақтық турлардан тұрады. Тыңдалымдардың барлығы көпшілік алдында өткізіледі. Туындылардың барлығы тұпнұсқа тілінде жатқа айтылу керек. Әрбір туында тек бір ғана турда орындалу керек. Орындау тәртібі жеребе тастау арқылы анықталып, байқау соңына дейін сақталады. Ақтық турға Іріктеу турының ең көп дегенде 14 қатысушысы жіберілетін болады.

Орындар, сыйлықтар мен жүлделер қазылар алқасының қорытынды отырысында үлестіріледі.

Байқауға қатысу үшін 2019 жылдың 30 тамызына дейін Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қ., Бұзырбаев к-сі 19, 2-кеңсе, «Бибігүл Төлегенованың байқауы» мекенжайы арқылы немесе karla_ab@rambler.ru, karla120750@gmail.com электронды поштасына өтінім парағын жіберу керек.

тел. 8 727 3822555, тел/факс 8 727 3822744, ұялы. 8 7009156871,72,75

 

Өтінім парағына мыналар қоса беріледі:

Төлқұжаттың ксеро - немесе фотокөшірмесі;

Музыкалық оқу орнын аяқтау туралы дипломның ксеро - немесе фотокөшірмесі не болмаса оқу туралы анықтама (студенттер үшін);

Шығармашылық өмірбаян;

Өлшемі 13х18 см екі фотосурет және жылтыр қағаздағы өлшемі 5х7см бір фотосурет;

Турларда орындалатын толық бағдарламалармен қоса, өтінім парағы.

Өтінім парағын бас әріптермен толтыруларыңызды сұраймыз. Сомасы     байқауға қатысуды растайтын шақыруда көрсетілетін кіру жарнасы байқауға келгеннен кейін жеребе тасталу алдында төленеді.

            Байқауға қатысуға рұқсат алған қатысушылардың 2019 жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей, байқауға келу күні көрсетілген шақыру қағазын алады.

Толық толтырылмаған немесе белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген өтінімдер қабылданбайды. Өтінім жіберілген күн пошталық штемпель бойынша анықталады.

Бибігүл Төлегенованың репертуарынан міндетті туындылардың ноталары шарттардың қосымшаларында берілген.

 

байқауға КЕЛУ шарттары

Ұйымдастыру комитеті Ақтық сынға өткен қатысушыларға байқауға қатысу аяқталған уақытқа дейін қонақ үй ақысы мен тамақтану төленетініне кепілдік береді. Қалған шығынды конкурсанттардың өздері көтереді (жол ақысы).

Қажеттілік болса, Ұйымдастыру комитеті екі дайындыққа және турға қатысу үшін өз концертмейстерлерін ұсынады. Бұған қосымша ақы алынбайды.

Ұйымдастыру комитеті байқау барысында қосымша ақысыз аудио және бейнежазба жасауға және жазбаларды коммерциялық мақсатта пайдалануға құқылы.

Қазылар алқасының шешімімен байқау лауреаттары қорытынды концерттерге тегін қатысуға міндетті.

 

СЫЙЛЫҚТАР 

Ұйымдастыру комитеті келесі сыйлықтарды жариялап отыр:

·      Гран при               - 4 500 000 теңге және лауреат атағы

·      I сыйлық              - 2 400 000 теңге және лауреат атағы

·      II сыйлық                        - 1 500 000 теңге және лауреат атағы

·      III сыйлық           - 1 100 000 теңге және лауреат атағы

 

          Лауреат атағын алмаған ақтық тур қатысушысы дипломмен марапатталып, дипломант атағы беріледі және 300 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы табысталады.

Қазылар алқасы:

а) сыйлықтарды (Гран приден басқа) қатысушылар арасында бөліп беруге;

б) байқаудың барлық сыйлықтарын түгел тағайындамауға құқылы.

                                  

          Қазылар алқасы келесідей арнайы сыйлықтарды тағайындауға құқылы:

1. Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы классикалық арияның үздік орындалымы үшін сыйлық.

2. Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы классикалық романстың үздік орындалымы үшін сыйлық.

3. Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы Қазақстан композиторларының үздік орындалымы үшін сыйлық.

4. Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы халық әндерінің (әлем халықтары әндерінің) үздік орындалымы үшін сыйлық.

5. Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы қазақ халық әндерінің үздік орындалымы үшін сыйлық.

(Арнайы сыйлықтар бағалы сыйлық түрінде немесе ақшалай берілуі мүмкін. Бір бағалы сыйлықтың құны 200 000 теңге көлемінде белгіленеді).

 

Қазылар алқасы байқаудың ең үздік концертмейстерлеріне (2 адам) дипломдар тағайындап, әрқайсысына 300 000 теңге көлемінде сыйлық табыстауға құқылы.

                                              

БАЙҚАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Іріктеу туры

  1. Операдан, кантатадан немесе ораториядан ария XVII – XVIII ғғ.
  2. XIX - XX ғғ. операсынан кеңінен ашылған классикалық ария  
  3. Қатысушы елдің халық әні («а капелла» орындауға болады)   
  4. Міндетті түрде Бибігүл Төлегенованың орындауындағы туынды

 

                                   Ақтық тур (оркестрмен бірге ақтық тыңдалым)

1. Шығыс Еуропа композиторының операсынан ария

2. Орыс композиторларының операсынан ария немесе Қазақстан композиторларының операсынан ария

   

Ескертпе:

а). Туындылардың әрқайсысын тек бір турда ғана орындауға болады.

б). Барлық турларда бағдарламаны орындау ретін қатысушының өзі таңдайды.

в). Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы үздік орындалған классикалық ария үшін берілетін сыйға үміткер қатысушы бұл арияны Ақтық турда орындау тиіс.

 

                         Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы ариялар:

1.Беллини. «Пуритане» операсынан Эльвираның полонезі

2.Верди. «Травиата» операсының І актіндегі Джильданың ариясынан көрініс

3.Верди. «Риголетто» операсының І актіндегі ария

4.Верди. «Эрнани» операсынан Эльвираның речитативі мен каватинасы

5.Гуно. «Мирелла» операсынан Мирелланың вальсы

6. Глинка. « Руслан және Людмила» операсынан Людмиланың каватинасы

7. Глинка. «Жизнь за царя » операсынан Антониданың каватинасы мен рондо

8. Доницетти. «Линда ди Шамуни» операсынан Линданың кавтинасы

9. Доницети. «Дон Паскуале» операсынан Норинаның каватинысы

10. Ғ. Жұбанова. «Еңлік-Кебек» операсынан Еңліктің ариясы

11. Масснэ. «Дон Сезар де Базан» операсынан севильяна

12. Мейербер. «Динора» операсынан Динораның ариясы

13. Пуччини. «Чио-чио-Сан» операсынан мадам Батерфляйдің ариясы                                                 

14. Рахмадиев. «Алпамыс» операсынан Гүлбаршынның ариясы

15. Римский-Корсаков. «Царская невеста» операсынан Марфаның екі ариясы

16. Римский-Корсаков. «Ночь перед Рождеством» операсынан Оксананың ариясы

17. Россини. «Севильский цирюльник» операсынан Розинаның каватинасы

18. Тома. «Миньон» операсынан Филиннің полонезі

19. Төлебаев. «Біржан мен Сара» операсынан Сараның ариясы

20. Чайковский. «Иоланта» операсынан Иолантаның ариозосы

 

г) Бағдарламасына сирек орындалатын ариялар кіретін ақтық турдың қатысушысы өз партитурасы мен оркестрлік дауыстарды ұсыну қажет.

 

 

Бибігүл Төлегенованың репертуарынан міндетті туындылар:  

                             Колоратурлық сопрано

  1. Е. Брусиловский.   «Қос қарлығаш».

 

                                  Сопрано

2.      Б. Байқадамов. «Сүйген сәулем».

 

                            Меццо-сопрано

3.      Е. Рахмадиев. «Таң самалы ».

 

                                      Тенор

     4. М. Төлебаев. «Мен көрдiм ұзын қайың құлағанын».

 

                                  Баритон, бас

     5. С. Мұхамеджанов. «Жарқ етпес қара көңілің...» (бас транспортында).



Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауына қатысуға өтінім парағы