Menu HELPDESK

«ХХІ ғасырдағы Қазақстанның орындаушылық өнері» Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция

 2017 жылы Қазақстанның музыка әлемі көптеген көрнекті музыканттардың, орындаушылық және композиторлық өнер шеберлерінің - Жәния Әубәкірова, Венера Ибраева, Юрий Клушкин, Карима Сахарбаева, Ғабит Несіпбаев, Владимир Стригоцкий, Балым Қожамкұлова, Виктор Глебов, Александр Федянин, Дина Даукеева, Гафиз Есімов, Сауле Құрмангалиева, Абдулхамит Раимбергенов сияқты және тағы басқалардың мерей тойларын атап өтуде.

            2017 жылдың 26 сәуірі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның орындаушылық өнері» атты ұлттық музыка мәдениетінің көрнекті өкілдерінің педагогикалық, орындаушылық және композиторлық қызметіне арналған Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

            Конференцияға қатысуға оқытушыларды, ғылыми ізденушілерді, докторанттарды, магистранттарды және басқа қызығушылық танытушыларды шақырамыз.

            Конференция мақсаты: Қазақстан және шетелдегі орындаушылық өнер дамуының басты бағыттарын зерттеу.

            Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары:

Секция №1

·      Орындаушылық өнер теориясы мен тарихының өзекті мәселелері;

·      Қазақстанның ғылыми және орындаушылық мектептері;

Секция №2

·      Дәстүрлі халық орындаушылығы;

·      Академиялық кәсіби орындаушылық;

·      Қазақстанның көрнекті музыканттарының орындаушылық, композиторлық және педагогикалық  мұрасы.

Секция №3

·      Ансамблдік и оркестрлік педагогика және тәжірибе;

·       Музыкалық педагогика: шығармашылық мектептер, әдістемелер, дәстүрлер.

 

ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ: 

Конференцияға қатысу келесі формада жүзеге асады: бір немесе бірнеше секциялардың отырысы шеңберінде баяндама; сырттай қатысу (жинаққа баяндама мәтінін жариялау).

Конференция қатысушылары 2017 жылдың 30 наурызына дейін баяндама тақырыптарын хабарлап(сөйлеу уақыты-регламент 10 минут), конференцияға қатысуға тапсырыс берулері (егер мақала біріккен авторлықта жазылса, тапсырыс бір авторға, яғни материалдарды поштамен жіберуге және қатысу төлемін жасауға жауапты адамға толтырылады) және конференцияның электрондық поштасына жіберулері қажет.

Конференцияның қорытындысы негізінде конференция материалдарын жинақ түрінде шығару жоспарланған. Конференцияға қатысушылар үшін кіріс жарнасы 3000 теңге, біріккен авторлыққа төлем талап етілмейді (біріккен авторлық шегі – 3 адам).

Қаржылық жағдайы: конференцияға қатысушының жолақысын, жатын орны мен іссапар шығындарын жіберуші жақ төлейді. 


Конференцияға қатысу үшін өтініш берулері және мақаланы эл. пошталарға жіберулері қажет:

Секция №1: Иванова Марина Викторқызы marinaivanova5@yahoo.com,            87772271198

Секция №2: Таткенова Шолпан Акылбекқызы sholpana.tatkenova@gmail.com   8701 365 1244

Секция №3: Қарсакбаева Айгерим Алимжанқызы knk_karsakbaeva@mail.ru      8 707 842 0000

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

Электрондық көшірмесі MSWоrd редакторлығында Times New Roman шрифімен терілу керек.  Электрондық поштамен жіберген кезде файлда автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Бет өлшемдері: А4 форматы. Өрістері: оң жағы – 1,5 см., сол жағы – 3,0 см., жоғарғы жағы – 2,0 см., төменгі жағы – 2,0 см. Негізгі мәтінді рәсімдеу. автордың аты-жөні (үлкен әріптермен, жолдың ортасына), келесі жолда – ЖОО, мекеме, қала, ел атауы (курсивпен жолдың ортасына), содан кейін 1 жолдан кейін мақала атауы (үлкен қою әріптермен жолдың ортасына) жазылады. 

Мәтінді еніне қарай теңестіру. Беттерді нөмірлеу төменгі жағының орта тұсында. Азатты жол шегінісі - 1,25 см. Аралық интервал – 1 жол.

Қолданылған әдебиеттер тізімі (мақаланың соңында)

Шрифт гарнитурасы: Times New Roman. Әдеттегі өлшем — 14 кегльмен. Мақалада келтірілген барлық дәйек сөздердің дерек көздеріне сілтемелер болуы тиіс.

Әдебиеттерді рәсімдеу төмендегі үлгі бойынша: 

1. Ерзакович Б.Г. Затаевич А.В. // Музыкальная энциклопедия. Т.2. – М.: «Сов. энциклопедия, 1974. – 439c.

2. Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая  
терминология: Вопросы теории. – М.: Наука, 1989.  – 248 с.     

Мәтіннің ішіндегі сілтемелер келесі үлгі бойынша жасалады: [1,23], 1 – дереккөздің атауы, 23 – беті; [1;10], нүктелі үтірден кейін көрсетілген сан сілтеме жасалған әдебиетті көрсетеді. 
Автор туралы мәлімет: Аты-жөні, тегі (толығымен), ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі және жұмыс орны, пошта индексі мен мекенжайы, телефоны/факсы, e-mail. (жоғарғы оң жақ бұрышында).

Мақалалар қазақ ,орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.  Түйіндеме (егер мақала осы тілдердің біреуінде жазылса, онда түйіндеме басқа қалған екі тілде жазылуы тиіс). Баяндаманың баспалық мәтіні 3-5 бетке дейін. Материалдар 2017 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.
Алыс, жақын шетелдерден, қала сыртынан келетін қатысушылар жарнасы конференция өтетін күні ЖОО-ның есеп бөлімінде қабылданады. Төлемақы көшірмесін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конференциясының «А» корпусы, 107 кабинетке тапсыру қажет.

 

Ақпараттық байланыс телефондары:

+7(727) 2616364

e-mail: dinara.keshubayeva.75@mail.ru

Электрондық мекенжай: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Абылай хан даңғылы, 86 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы,

107 офис, «А» корпусы.