Menu HELPDESK

Консерватория туралы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру саласы мамандарын кәсіби даярлауды қамтамасыз ететін жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Көп жылғы жұмыс барысында.

Консерватория ұжымы Қазақстанда ғана емес, одан тысқары да сұранысқа ие аса жоғары деңгейлі мамандарды даярлауда бай әрі бірегей тәжірибе жинақтады. Біздің жоғары оқу орнымыз алыс-жақын шетелде мемлекетімізді лайықты танытып жүрген көптеген көрнекті орындаушылар мен өнер қайраткерлерін оқытып шығарды.

Бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – заманға сай, қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Консерваторияның білім беру үдерісінің негізгі мақсаты – табысты өнерпаз түлек, қоғам талабы үдесінен шығатын, өзін-өзі жетілдіруге және барынша кемелденуге қабілетті шығармашыл маман қалыптастыру. Әмбебап музыкант тұлғасын қалыптастыру – міне, бүгінгі таңда педагогтар құрған оқу, зерттеу және концерттік бағдарламалар мен жобалар осыған бағытталған.

Жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының тұтынуына заманға сай жабдықталған кең дәрісханалар, Үлкен концерт залы, Фридерик Шопен атындағы Камералық зал, Ахмет Жұбанов атындағы Кіші зал, спорт және тренажер залдары, оқу залы, кітапхана және медиатека, Интернет желісі тартылған компьютер кластары, телерадиокешені, типография, музыкалық шеберхана, асхана және көптеген т.б. берілген. Сырттан келген студенттерге арналған жатақханада репетиториялар, оқу және спорт залдары, тұрмыстық техника мен жихаз бар. Консерватория студенттері үздік жапон және неміс фирмаларының (Steinway&Sons, Grotrian-Steinweg, Bluthner, Seiler, August Forster, Yamaha) аспаптарында, сондай-ақ электронды аспаптарда дәріс алады.

Соңғы жылдары халықаралық ынтымақтастық, шығармашылық ұжымдардың гастрольдік қайраткерлігі едәуір жанданды.

Құрманғазы атындағы ҚҰК Халықаралық пианистер конкурсы, Халықаралық шеберлік дәрістері фестивалі, Халықаралық «Наурыз-21» заманауи музыка фестивалі, Халықаралық камералық музыка конкурсы, «Асыл Мұра» дәстүрлі музыка конкурсы және тағы басқа да ірі халықаралық фестивальдер мен конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады.

2004 жылдан бастап консерватория жоспарлы түрде несиелік оқыту жүйесіне көшті. Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша «Арт-менеджмент» тәрізді жаңа мамандықтар сатылы түрде енгізілуде. Консерватория жанынан құрылған телерадиокешені келешекте дыбыс режиссерлері мен продюсерлер, дыбыс инженерлері мен музыка сыншылары, радио бағдарламалары редакторлары мен дикторлары мамандықтарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Оқыту тілдері – қазақ және орыс тілдері.


Консерватория ректоры – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жүдебаев Арман Әділханұлы