Menu HELPDESK

«Қазіргі заманғы мәдениет жас ғалымдар көзімен» атты дөңгелек үстел

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы магистранттарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Жастар жылы аясында өтетін «Қазіргі заманғы мәдениет жас ғалымдар көзімен» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Ол диалог негізінде магистрлік зерттеулер барысындағы ғылыми-тәжірибелік ақпаратпен алмасудың, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды игерудің өзіндік алаңы болмақ.

Дөңгелек үстел 2019 жылдың 19 сәуірінде өтеді. Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері – қазақ, орыс тілдері.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

 

ü Магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін айқындау;

ü Магистранттарды қазіргі кездегі ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру.

 

Дөңгелек үстелде келесі тақырыптар қарастырылады:

·        Мәдениет пен руханилықтың заманауи мәселелері

·        Жаһандық әлемдегі дәстүрлі мәдениет

·        Қазіргі қоғамдағы мәдениетаралық коммуникация

·        Қазіргі заманғы жастар мәдениеті мәселелері / Қазіргі заманғы музыкалық білім беру

 

Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 30 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне:

-         толтырылған тіркеу қағазын;

-         баяндама тезистерінің электронды нұсқасын жіберуді сұраймыз.

 

 

 

 

БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

- көлемі 3 бетке дейін;

- жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақ - 3 см, оң жақ- 1,5 см.;

- шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman – 14 pt;

- жол аралық интервал – бірлік, абзац - 1 см; кітаптық бағдар; беттер қойылымсыз және колонтитулсыз болуы тиіс; мәтін ені бойынша туралануы қажет;

Материалдарға қосымша автор (өтініш) туралы ақпарат қамтылуы тиіс. Файл avtor.doc деп аталынып, автордың аты, яғни дөңгелек үстелге қатысушы магистранттың аты латын әріптерімен жазылуы қажет. Мысалы, Ibrakhim Daryn.doc. Тезистер Microsoft Word форматында сақталынуы тиіс.

 

МАҚАЛАНЫ ОРЫНДАУ РЕТІ:

Жолдың ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН мақала атауы қою шрифтпен көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақала авторының аты-жөні Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні төменде, Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Мекеменің, қаланың аты жетекшінің аты-жөнінен кейінгі жолдың ортасында Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен көрсетіледі.

Келесі жолда автордың е-mail көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақаланың өзі енгізіледі.

 

Қатысушы тіркеу қағазы:

Аты-жөні (толығымен):_________________________________________________

Оқу орны: ____________________________________________________________

         Мамандығы, курсы: ____________________________________________________

Байланыс ақпараты:____________________________________________________

Электронды поштасы (e-mail): ____________________________________________

Ғылыми жетекшінің ата – жөні, ғылыми дәрежесі__________________________

 

(!) Тезис мәтінінің көлемі 3 беттен аспауы тиіс.

Барлык катысушыларға конференция материалдары электрондык жинақ түрінде таратылады.

Тезистердің электрондық нұсқасын мына (e-mail) поштаға жіберу керек KNConservatory@mail.ru

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тел.: +7 (727) 2 72 95 82.

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 90. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы. Тел.: +7 (727) 2 72 95 82.

 

Жауапты хатшы: 8 7477109446