Menu HELPDESK

Фортепиано

Білім беру бағдарламасының тобы
В021-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02115-АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ (ФОРТЕПИАНО)

Алған мамандығына қарамастан «6В02115 – Аспаптық орындаушылық (фортепиано)» білім беру бағдарламасына түсу үшін талапкерлердің алдыңғы білім деңгейлері мыналар болуы мүмкін:
-  музыка колледжі, мамандандырылған музыка мектебі бар;
-  жоғары оқу орындары (екінші жоғары білім алу - ақылы негізде).

I. Мамандық бойынша шығармашылық емтихан

Бағдарламаны орындау:

1. Бір полифониялық шығарма (И.С. Бахтың, Д. Шостаковичтің, Р. Щедриннің Прелюдиялары мен фугалары);

2. Үлкен формадағы бір шығарма: сонатаның бір бөлігі (сонаталық allegro), вариациялар (Й. Гайдн, В. Моцарт, Л. В. Бетховен, Ф. Шуберт);

3. Бір концерттік этюд;

4. Тағы бір концерттік этюд немесе виртуоздық сипаттағы пьеса.

ІІ. Екінші шығармашылық емтихан

Гармония – билеттер бойынша ауызша (туыстықтың бірінші дәрежелі үндестігінде модуляция ойнау, жоғары немесе төмен секвенция, өтпелі хроматикалық дыбыстарды қамтитын диатоникалық немесе хроматикалық; туындының бастапқы кезеңіне гармоникалық талдау);

Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тоналдылығымен модуляциямен кезең нысанындағы 2 дауысты диктант.


Абитуриенттерге арналған шығармашылық емтихандардың

бағалау критерийлері

І – шығармашылық емтихан

33-45 балл:

Абитуриент артисттік қабілетін танытуы керек, аспапта еркін ойнай алуын, авторлық мәтінді сауатты оқи алуын, дыбыс шығаруының мәнерлілігін, шығарма мазмұнын ұғынуын, Музыкалық білім беру мәселелерінде кең ой-өрісін көрсетуі керек.

19-32 балл:

Абитуриент әртістік шеберліктерін, аспапты жеткілікті меңгергендігін, авторлық мәтінді сауатты оқуын, шығарма мазмұнын ұғынықты түсінуін, Музыкалық білім беру мәселелеріндегі жалпы ой-өрісін көрсетуі тиіс.

5-18 балл:

Талапкердің әртістік қабілеті жоқ, аспапты нашар меңгергендігін көрсетеді. Бағдарлама оқуға түсу үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. Музыкалық білім беру мәселелеріндегі білімі шектеулі.

0-4 балл:

Талапкердің әртістік қабілетінің қарапайым көріністері жоқ, аспапты төмен деңгейде меңгереді. Бағдарлама оқуға түсу үшін қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейді. Музыкалық білім беру мәселелерінде білімі жоқ.

Абитуриенттерге арналған шығармашылық емтихандардың

бағалау критерийлері

ІІ – шығармашылық емтихан:

33-45 балл

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдысын еркін меңгеру.

19-32 балл

Диктантта шамалы дыбыстық және ырғақтық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы меңгеру.

5-18 балл

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру машықтары мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 балл

Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.