Menu HELPDESK

Магистратураға түсетін құжаттар тізімі


Магистратураға түсуші тұлғалар консерваторияның Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:


- ұйым басшысының атына өтініш (1 қосымша);
білім туралы құжат қосымшасымен бірге (түпнұсқасы);
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттаманы ұсынады. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;
- кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын нотариалды куәландырылған құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
ғылыми-шығармашылық портфолио (бар болған жағдайда) (2 қосымша);
осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шет тілін меңгеруге тест тапсырғанын растайтын халықаралық сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
талаптарға сәйкес болашақ магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша реферат (3 қосымша);
емтиханда орындалатын шығармалар тізімін (орындаушылар үшін);
КТ үшін төлем туралы түбіртек;
құжат тігілетін папка (кәдімгі қағаз түрі), орташа конверт, 6 файл.