Menu HELPDESK

Докторантураға түсетін құжаттар тізімі


Докторантураға түсуші тұлғалар консерваторияның Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:


- ұйым басшысының атына өтініш (1 қосымша);
- білім туралы құжат қосымшасымен бірге (түпнұсқасы);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес шет тілін меңгеруіне тест тапсырғанын растайтын халықаралық сертификаттың түпнұсқасы;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық құжаттаманы ұсынады. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;
- 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет бар;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты ұсынады;
- соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми-шығармашылық портфолио; (4-қосымша);
- талаптарға сәйкес болашақ докторлық диссертация тақырыбы бойынша реферат (5-қосымша);
- емтиханда орындалатын жұмыстар тізімі (орындаушылар үшін);
- құжат тігілетін папка (кәдімгі қағаз түрі), орташа конверт, 6 файл.