Menu HELPDESK

Бос гранттар

Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) кадрларды даярлау бағыттары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.

Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде босаған бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.

Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.


Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын беру төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

ақылы негізде білім алушылар деканатқа университет Басқармасы төрағасының атына білім беру гранты бойынша әрі қарай оқытуға өтініш, барлық оқу кезеңінің транскрипті мен жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін береді;
деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша офис-тіркеушіге студенттердің білім беру грантына ие болу куәлігі, оқудан шығарылған немесе қайтадан оқу курсына қалғанын ұсынады. Сондай-ақ, конкурстық негізде бар бос орындарға үміткер ақылы түрде білім алып жатқан студенттердің құжатын ұсынады: университет Басқармасы төрағасының атына өтініш, жеке басының куәлігі мен әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттар (жетім, мүгедек (ата-аналары мүгедек), көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасы студенттері үшін) көшірмесі, факультет кеңесі шешімінің көшірмесі;
офис-тіркеуші бос білім беру грантын ауыстыру конкурсына қатысқан студенттердің барлық оқу кезеңіне оқу үлгерімінің орташа балы көрсетілген транскриптін жасайды. Студенттердің транскриптіне офис-тіркеуші, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры мен Консерваторияның ректоры қол қояды;
офис-тіркеуші оқу үдерісінде босаған білім беру грантына ие болуға үміткерлердің толық құжат бумасын соңғы шешім шығару үшін университеттің ғылыми кеңесіне ұсынады;
офис-тіркеуші ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 5 тамызына дейін оқу үдерісінде босаған бос білім беру грантын алуға қатысатын үміткерлер құжаттарын университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ҚР БҒМ жібереді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәселе оң шешімін тапқан жағдайда білім беру грантын беру жөнінде бұйрық шығарады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығының негізінде білім беру грантын беру куәлігі ресімделеді.

Берілген білім беру грантын беру куәлігі негізінде офис-тіркеуші білім беру гранты бойынша әрі қарай оқуға бұйрық шығарады.


http://adilet.zan.kz/rus/docs/P080000058_


Бос гранттар тізімі 



ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ МАГИСТРЛЕР!


Босаған мемлекеттік білім гранттарына конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау жалғастыруда. Өтініштер 2021 жылдың 29 желтоқсанға дейін «Платонус» жүйесінде БАҚКО модулындағы жеке кабинеті арқылы өтінім беруге болады (өтініш үлгісі «Платонус» жүйесіндегі бас мәзірде «Хабарландырулар» бөлімінде тіркелген)


Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының саны


2023 жылғы 20 желтоқсан

2022 жылғы 23 маусым

2022 жылғы 26 желтоқсан

2023 жылғы 15 маусым


Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарының саны

2021-2022 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім гранттары үшін барлық үміткерлердің тізімі

2021 жылғы 28 желтоқсан



ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ МАГИСТРЛЕР!


Босаған мемлекеттік білім гранттарына конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау жалғастыруда. Өтініштер 2021 жылдың 20 шілдеге дейін «Платонус» жүйесінде БАҚКО модулындағы жеке кабинеті арқылы өтінім беруге болады (өтініш үлгісі «Платонус» жүйесіндегі бас мәзірде «Хабарландырулар» бөлімінде тіркелген)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде
босаған бос білім беру гранттарының саны


2021 жылдың 13 желтоқсанына
2021 жылдың 12 шілдесіне
2020 жылдың 11 желтоқсанына
2020 жылдың 01 маусымына
2019 жылдың 11 наурызына
2019 жылдың 26 қарашасына


Бос білім гранттарына үміткерлер тізімі 
2022-2023 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша
2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша
2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша




2019 жылғы бос білім гранттарын беру туралы бұйрық

2018-2019 жж. оқу жылының бос білім гранттар иегерлері

Білім алу процессінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрық