Menu HELPDESK

Музыкатану

Білім беру бағдарламасының тобы

В024 - Музыкатану

Білім беру бағдарламасы: 6В02101 – МУЗЫКАТАНУ

Көрсетілген мамандыққа төмендегідей оқу орындарының:

1.                музыкалық колледждер;

2.                мамандандырылған орта музыкалық метептері;

3.                өнер колледждері;

4.                гуманитарлы-педагогикалық колледждер;

5.                Жоғары оқу орындары (екінші жоғары білім алу ақылы негізде) түлектері түсуге құқығы бар.

I.  МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

    

Музыкалық әдебиеттен ауызша емтихан (билеттер бойынша) талапкерлердің білімін бағалаудың үш нысанын қамтиды:

1.Музыкалық әдебиет пәнінің бағдарламасы бойынша ауызша жауап беру. Билетке қазақ, батыс-еуропалық, орыс-кеңестік музыкалық әдебиеттен 3 сұрақ кіреді.

Музыкатану мамандығына түсушілерге билет сұрақтарының бірі – орыс, қазақ немесе шетел композиторларының шығармасын (опера, симфония, соната, концерт, сюита немесе пьесаның бөлімдері) сыни талдау. Билеттің басқа сұрақтары композитордың шығармашылығын немесе олардың отандық немесе әлемдік музыка мәдениеті контекстіндегі тарихи маңыздылығын анықтауды талап ететін шығармалардың толық сипаттамасын қамтиды.

Қазақ музыкалық әдебиеті бойынша сұрақтар

1. Қазақ халқының әншілік мәдениеті.

2.Абайдың вокалдық лирикасы.

3.Ақан Сері. Шығармашылық келбеті.

4.Қазақ халқының аспаптық музыкасы.

5.Құрманғазы - қазақ домбыра музыкасының классигі.

6.Тәттімбет және шертпе күй дәстүрі.

7.А.Жұбанов. Шығармашылық келбеті.

8.А.Жұбанов. Л. Хамиди. «Абай» операсындағы Абай бейнесі.

9.М.Төлебаев. «Біржан мен Сара» операсы. Айтыс сахнасы.

10.Е.Брусиловский. Шығармашылық келбеті.

11.К.Кужамьяров. Бірінші симфония.

12.Қ.Мусин. «Жайлауда» симфониялық поэмасы.

13.С.Мұхамеджанов.  «Ғасырлар үні» ораториясы.

14.Ғ.Жұбанова. «Жігер» симфониясы.

15.Е.Рахмадиев. «Алпамыс» операсы.

Шетелдік музыкалық әдебиет бойынша сұрақтар

1. И.С.Бах. Шығармашылық келбеті.

2. К.Глюк. «Орфей» операсы.

3. Дж.Гайдн. №103 симфония.

4. В.Моцарт. №40 симфония.

5. Л.Бетховеннің фортепианолық сонаталары.

6. Музыкадағы романтизм.

7.Ф.Шуберт. «Әдемі диірменші».

8. Р.Шуман. Карнавал.

9. Г.Берлиоз. «Фантастикалық симфония».

10. Ф.Шопен. Фортепианолық прелюдиялар.

11. Ф.Лист. Венгриялық рапсодиялар.

12. Д.Верди. «Травиата» операсындағы Виолетта бейнесі.

13. Дж.Бизе. «Кармен» операсындағы Кармен бейнесі.

14. Музыкадағы импрессионизм.

15.K.Oрф. «Кармина Бурана».

Орыс-кеңестік музыкалық әдебиет бойынша сұрақтар

1.М.Глинка. «Камаринская».

2.А.Даргомыжский. Шығармашылық келбеті.        

3. М.Балакирев. Шығармашылық келбеті.

4. Мусоргский. «Борис Годунов» операсындағы Борис бейнесі.

5.А.Бородин. «Князь Игорь» операсындағы Игорь бейнесі.

6.Н.Римский-Корсаков. «Ақшақар» операсындағы халықтық ғұрыптық көріністер.

7. П.Чайковский. №4 симфония.

8.С.Рахманинов. Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт.

9.А.Скрябин. «Құдайдың өлеңі»

10. И.Стравинский. Шығармашылық келбеті.

11.Н.Мясковский. 21 симфония.

12. С.Прокофьев. Жетінші симфония.

13. Д.Шостакович. №3 симфония.

14. Д.Шостаковичтің симфонизмі.

15. А.Хачатурян. Скрипка мен оркестрге арналған концерт.

2. Фортепианода музыкалық фрагменттерді  (үзінділерді) ойнау. Білімді бағалаудың бұл түрі батыс-еуропалық, орыс және  қазақ композиторлары шығармаларынан (таңдау бойынша) кем дегенде 30  үзіндіні, ал этномузыкатанушы-талапкерлер үшін – 20-дан кем емес  үзіндіні  ойнап немесе  дауыспен (сүйемелдеп)  орындауды талап етеді. Фрагмент период немесе куплет (ән) құрылымын қамтып,  логикалық  жағынан аяқталған болуы тиіс.

3. Шетелдік, орыс, қазақ әдебиетінен 20 мысалдан тұратын музыкалық викторина. Негізгі мақсаты – музыкалық әдебиет курсының музыкалық материалын білу деңгейін және талапкерлердің музыкалық дайындық деңгейін анықтау.

МУЗЫКАЛЫҚ ҮЗІНДІЛЕР ТІЗІМІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ:

1.Музыкалық үзінділер тізімі электронды және баспа форматында тапсырылуы тиіс:

Пішімі:  Microsoft  Word  форматындағы  компьютер қарпі — Times New Roman, кеглі– 14, барлық  өрістер – 2 см, ені  бойынша туралау.

2.Титулды бетте талапкердің тегі мен инициалдары, мамандық шифрі белгіленуі тиіс.

Талапкерлерге арналған

І - шығармашылық емтиханның бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері:

33-45 балл (өте жақсы):

-  викторинаның музыкалық материалдары бойынша және музыкалық үзінділерді (тақырыптарды) орындау кезінде үздік білімдерін көрсету; анық және сенімді ауызша жауап беру, дамыған сөйлеу; композиторлардың шығармашылығын, музыкалық шығармаларын жақсы білу; тарихи дәуірлердің стилистикалық ерекшеліктеріне жақсы бағдарлау.

19-32 балл (жақсы):

- викторинаның музыкалық материалдары мен музыкалық фрагменттерді (тақырыптарды) орындау барысында жақсы білімдерін көрсету; сенімді және нақты ауызша жауап, дамыған сөйлеу; композиторлардың шығармашылығын, музыкалық шығармаларды білудегі шағын олқылықтардың болуы; тарихи дәуірлердің стилистикалық ерекшеліктеріне жеткілікті бағдарлау.

5-18 балл (қанағаттанарлық):

- викторинаның музыкалық материалының және музыкалық фрагменттерді (тақырыптарды) орындау кезіндегі орта білімін көрсету; ауызша жауап бермеу, жеткіліксіз дамыған сөйлеу; композиторлар шығармашылығының, музыкалық шығармалардың фрагменттік білімдерін көрсету; тарихи дәуірлердің стилистикалық ерекшеліктеріне шамамен бағдарлау.

0-4 балл (қанағаттанарлықсыз):

-музыкалық викторинадағы және музыкалық фрагменттерді (тақырыптарды) орындаудағы елеулі қателер; білімдегі елеулі кемшіліктер, дамымаған сөйлеу; композиторлардың шығармашылығын, музыкалық шығармаларын нашар білу.

II. МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Музыка теориясы бойынша кешенді емтиханға гармония бойынша ауызша жауап және сольфеджио бойынша жазбаша жұмыс кіреді.

Гармония – билеттер бойынша ауызша: секвенциялар ойыны (тональды немесе модуляциялаушы); біртіндеп, алыс тоналдылыққа және кенеттен модуляциялар (кері, доминантсептаккордтың, қысқартылған кіріспе септаккордтың энгармонизмі арқылы, VI және II төмен саты арқылы); гармониялық талдау (талапкер шығарманың пішінін, кезеңнің құрылымын анықтау, каденцияларды сипаттау, тональды жоспар, туындының әр аккордтың функциясын   талдау керек).

Сольфеджио – жазбаша: альтерация, хроматизм, ауытқу және диатоникалық немесе хроматикалық туыстық тоналдылығындағы модуляцияны қамтитын кезең (8, 12 тактілік) нысанындағы гармониялық ыңғайы 3 дауысты диктанты.

 

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша

ІІ-шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері:

33-45 балл:

- диктанттың абсолютті дұрыс жазылуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармониялық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру.

19-32 балл:

- диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.

5-18 балл:

- диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру іскерліктер мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 балл:

- диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.