Menu HELPDESK

Ішекті аспаптар

Білім беру бағдарламасының тобы
В021-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02115-АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ
(ІШЕКТІ АСПАПТАР)
Білім беру бағдарламасы: В021-Орындаушылық өнер
 «6В02115 – Аспаптық орындаушылық»
Мамандандыру «Ішекті аспаптар»
(скрипка, альт, виолончель, контрабас)
«Классикалық гитара»


6B02115 – «Аспаптық орындаушылық» білім беру бағдарламасына түсу үшін талапкерлердің алдыңғы білім деңгейлері:
1.                музыкалық колледж, мамандандырылған музыкалық мектеп;
2.                өнер колледжі;
3.                эстрада және цирк колледжі (классикалық гитара);
4.                жоғарғы оқу орны (екінші жоғарғы білім алу – ақылы түрде).

 
І. МАМАНДЫҚТАН БІРІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


1.Бағдарламаны орындау:
·                   Гамма 3-4 октавалы бес белгіге дейін (соққылар, қосарлы ноталар, арпеджио).
·                   Этюд немесе каприс.
·                   Полифониялық құрылымдағы шығарма.
·                   Үлкен ауқым (Концерт 1 немесе 2-3 бөлімі)
·                   Виртуозды сипаттағы пьеса.
·                   Қазақстандық композитордың пьесасы.

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан

33-45 балл (өте жақсы):
Абитуриент артистизмін, орындаушылық ерік-жігерін, авторлық мәтінді сауатты оқуды, орындаушылық интонирлеу мәдениетін, белгілі бір техникалық шеберлік деңгейін көрсетуі тиіс.
19-32 балл(жақсы):
Шығармалардың орындаушылық жоспарын талапкер түсінеді, авторлық мәтін нақты оқылған, музыка стилі сақталған. Бірақ бұл ретте ол техникалық, динамикалық еркіндікті көрсетпейді, орындау әртүрлілігімен және дыбысталу сапасымен ерекшеленбейді.
5-18 балл (қанағаттанарлық):
Бағдарламаны шығару тұрақсыздығы, орындалатын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнын нашар түсіну, музыкалық интонирлеудің мәнерлі құралдарын (дыбыс, динамика, фразировка, ритм, есту бақылауы) жеткіліксіз меңгеру.
0-4 балл (қанағаттанарлықсыз):
Тоқтаулар, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппараттың қатты қаңқарлығы, ұстамдылық, бастамашылықтың, ырғақтық ерік-жігердің болмауы, орындаушылық интонациялаудың техникалық және көркем құралдарын нашар меңгеруі, бағдарламаның түсу үшін міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.

 
ІІ. ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Гармония – билеттер бойынша ауызша (туыстықтың бірінші дәрежелі үндестігінде модуляция ойнау, жоғары немесе төмен секвенция, өтпелі хроматикалық дыбыстарды қамтитын диатоникалық немесе хроматикалық; туындының бастапқы кезеңіне гармоникалық талдау);
Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тоналдылығымен модуляциямен кезең нысанындағы 2 дауысты диктант.

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан

33-45 балл:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдысын еркін меңгеру.
19-32 балл:
Диктантта шамалы дыбыстық және ырғақтық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы меңгеру.
5-18 балл:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру машықтары мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 балл:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.