Menu HELPDESK

Құрметті оқырмандар!


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «ЖАСА, ЖЕҢІС МӘҢГІЛІК!» атты көрме дайындады.       

Көрмеге фотосуреттер, соғысқа қатысқан ұстаздар туралы мәліметтер, консерватория мұрағатындағы құжаттар, қолжазбалар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына арналған музыкалық шығармалар қойылған.

Көрмемен «Б» корпусының оқу абонементі жанында, 3 қабаттағы кітапханада немесе онлайн форматта ҒАКҚ электронды кітапханасында – «Виртуалды көрме» бөліміндегі «Бас мәзір» бөлімінен мына сілтеме бойынша танысуға шақырамыз: http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385

Көрме жер бетінде өмір сүру үшін, бейбіт жасампаздық пен ерең еңбек жолында қан майданда ерлік көрсеткендерді, қаза тапқан қыршын боздақтарды еске алу және құрмет көрсету мақсатында дайындалды. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!       



Альбомдарға оралу