Menu HELPDESK

«Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» халықаралық байқауда жеңімпаз атанды



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов жетекшілік ететін «Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» ұжымы Испания елінде өткен «Open Spain» атты халықаралық аспаптық музыка байқауынан жеңіспен оралды.

Додада «Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» ұжымы керемет өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктерімен тыңдармандарды тәнті етті. Квинтет құрамында «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Рахметоллаұлы Ерманов, сондай-ақ өнер-білім ордасының білім алушылары Дәуір Халық, Құралай Мәлімбаева, Санжар Қадырбеков және Ақерке Омарова өнер көрсетті. Ұжым «Аспапта орындаушылар» аталымы бойынша І дәрежелі дипломға ие болды.

Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті 1997 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Моцарт атындағы Еуропалық музыка академиясының түлегі, профессор Жанат Ермановтың жетекшілігімен​ құрылған. Бұл ұжым Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 2004 жылы кірген. Квинтет концерттерінде Қазақстан композиторларының және әлемдік классикалық музыканың танымал авторларының үздік​ туындыларын тыңдауға болады.

Халықаралық байқаудан қанжығаларын майлап қайтқан квинтетке шығармашылық жетістік пен толағай табыс тілейміз!





Альбомдарға оралу