Menu HELPDESK

Қабылдау комиссиясының басқосуы болып өтті



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ректор А. Жүдебаевтың жетекшілік етуімен консерватория басшылығы мен талапкерлерді оқуға қабылдау комиссиясы және оқытушы-профессорлар құрамы қатысқан жиын болып өтті. Сондай-ақ, жиынға «Саналы ұрпақ» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысып, атқарылуы тиіс іс-шаралар жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.

Шараның мақсаты – жаңа 2022-2023 оқу жылына жас түлектерді оқуға қабылдау науқанының, емтихандарының барысында туындауы ықтимал түрлі сипаттағы сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу, оларға жол бермеу жолдарын талқылау. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы мемлекеттік құрылымы да, бағыт-бағдары да жаңарып жатқан еліміздегі, соның ішінде ЖОО-дағы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі мәселелерді сарапқа салу.















Альбомдарға оралу