Menu HELPDESK

Ғалия Молдакаримованың жаңа оқу құралы жарық көрді



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Ғалия Молдакаримованың «Ғалия Молдакаримова ойнайды (орындайды)» атты жаңа оқу құралы жарық көрді. Бұл оқулықты Ғалия Әбіл-Әкімқызы өзінің тәлімгері, ҚР еңбек сіңірген ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері Досымжан Тезекбаевқа арнаған.
Ғалия Молдакаримова орындаушылық өнерді дамытудағы және қазақтың кәсіби музыкасын насихаттаудағы сіңірген еңбегі үшін өнертану мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» және «Қазақстан Республикасының Халық артисі» құрметті атақтарына ие болған.
Оқу-әдістемелік құрал музыкалық мектептердің оқушыларына, музыкалық колледж, консерватория студенттеріне, сондай-ақ өздерінің концерттік және педагогикалық репертуарын байытқысы келетін музыка мамандардың барлығына арналған.
Мұнда шетелдік және қазақстандық композиторлардың бірқатар жаңа туындылары автордың интерпретациясында қобыз аспабында ойнауға лайықталған музыкалық-әдістемелік және орындаушылық ұсынымдар арқылы берілген. Осы жинақта құрастырушының қобызда орындаған барлық шығармаларының аудиожазбалары да қоса беріліп отыр.





Альбомдарға оралу