Menu HELPDESK

Батырхан Шүкенов атындағы стипендия иегерлерін құттықтаймыз!

Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен 2021-2022 оқу жылына арналған 500 000 теңге мөлшеріндегі Батырхан Шүкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдерін жариялады. Олардың қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасында білім алып жатқан студенттер де бар.


Аяжан Оспанбаева – 2 курс студенті, профессор Т.К.Нұралының сыныбы.


Самуил Андрейкин – 1 курс студенті, доцент И.Ю.Шубиннің сыныбы.

Тәуелсіз комиссиямен бірге қатысушылардың барлық өтінімдері қаралып, стипендианттар тізімі жарияланды. Биылғы жылы қазылар алқасының қатарында Бауыржан Шүкенов, Санжар Бәйтереков және Дамир Бүркітбаев болды. Сарапшылар 4 қаладан келген 39 өтінімді қарады. 13 өтінім байқаудың келесі кезеңіне өтті.

Б.Шүкенов атындағы стипендияға ие болған студенттерімізді шын жүректен құттықтап, өнер әлемінде мол табысқа жетулеріне тілекшіміз!


Альбомдарға оралу